HP сұйық кристалдық мониторлары Анықтамалық нұсқаулық
© 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Microsoft, Windows жəне Windows Vista Microsoft корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы жəне/немесе басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. HP компаниясының өнімдері мен қызметтеріне арналған кепілдіктер тек сондай өнімдер мен қызметтерге арналған кепілдік туралы мəлімдемелерде көрсетіледі. Бұл құжаттағы ешқандай деректер қосымша кепілдіктің берілуі ретінде түсінілмеуі керек.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулықта қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар, мониторды пайдалану жəне жиі кездесетін ақауларды жою туралы мəліметтер беріледі. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылайша ерекшеленген мəтін нұсқауларды орындамау жарақат алуға немесе өлімге əкелуі мүмкін екенін көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылайша ерекшеленген мəтін нұсқауларды орындамау жабдықтың зақымдалуына немесе ақпараттың жоғалуына əкелуі мүмкін екенін көрсетеді.
iv Осы нұсқаулық туралы KKWW
Maзмұны 1 Монитордың жұмысын оңтайландыру ..................................................................................................... 1 Мониторды орнатқан кезде сақ болыңыз ......................................................................................... 1 Монитордың ең жақсы жұмыс көрсеткіштерін қамтамасыз ету ...................................................... 1 2 Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар ........................................................
Кабельдер ......................................................................................................................... 17 FCC логотипімен белгіленген өнімдер үшін сəйкестік декларациясы (тек АҚШ) ........................ 17 Canadian Notice ................................................................................................................................. 18 Avis Canadien ................................................................................................................
1 Монитордың жұмысын оңтайландыру Мониторды орнатқан кезде сақ болыңыз Монитордың зақымдалуын болдырмау үшін сұйық кристалдық панельдің бетін ұстамаңыз. Панельге қысым түссе, түстің біркелкілігі немесе сұйық кристалдардың бағыты бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда экранның қалыпты күйі қалпына келмейді. Тіректі орнатқан кезде, мониторды қорғаныш пенопластпен немесе абразивті емес матамен жабылған тегіс бетке бетін төмен қаратып қойыңыз.
4.
2 Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат Монитормен бірге қуат сымы берілген. Егер басқа сым пайдаланылса, осы мониторға сəйкес келетін қуат көзі мен қосылымды ғана пайдаланыңыз. Монитормен бірге пайдаланылатын дұрыс қуат сымдарының жиынтығы туралы ақпарат алу үшін Қуат сымдарының жиынтығына қойылатын талаптар 19-бетте бөлімін қараңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін: • Қуат сымын жерге қосу элементін ажыратпаңыз.
Техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар Монитордың жұмысын жақсарту жəне оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін: ● Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге əрекет жасамаңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор дұрыс жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.
Мониторды тасымалдау Бастапқы қорапты сақтап қойыңыз. Ол кейінірек мониторды жылжытқанда немесе тасымалдағанда қажет болуы мүмкін.
3 Мониторды пайдалану Мониторды орнату Мониторды орнату жəне кабельдерді жалғау үшін тиісті модельдің мониторды пайдаланушыға арналған нұсқаулығын қараңыз. Бағдарламалар жəне утилиталар Монитормен бірге берілетін ықшам дискіде компьютерге орнатуға болатын файлдар бар: ● .INF (Ақпарат) файлы ● .ICM (Сурет түстерін сəйкестеу) файлы ● автоматты түрде реттеу үлгісі утилитасы ● монитор моделіне арналған қосымша бағдарлама ЕСКЕРІМ: Егер монитормен бірге ықшам дискі берілмесе, .INF жəне .
Ықшам дискіден орнату .INF жəне .ICM файлдарын компьютерге ықшам дискіден орнату үшін: 1. Ықшам дискіні компьютердің CD-ROM дискіенгізгісіне салыңыз. Ықшам дискі мəзірі көрінеді. 2. Монитор драйвері бағдарламасының мəліметтері файлын қараңыз. 3. Монитор драйвері бағдарламасын орнату тармағын таңдаңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Windows дисплейді басқару тақтасында ажыратымдылық пен жаңарту жиіліктерінің дұрыс мəндері көрсетілетініне көз жеткізіңіз.
Автоматты түрде реттеу функциясын пайдалану үшін: 1. Реттеуден бұрын монитордың жылынуы үшін 20 минут күтіңіз. 2. Монитордың алдыңғы тақтасындағы авто түймесін басыңыз. ● Сондай-ақ Мəзір түймесін басып, негізгі экрандық мəзірден Кескінді басқару > Автоматты түрде реттеу тармағын таңдауға болады. Осы тараудағы Монитор параметрлерін реттеу 8-бетте бөлімін қараңыз. ● Егер сізді нəтиже қанағаттандырмаса, процедураны жалғастырыңыз. 3. Ықшам дискіні дискіенгізгіге салыңыз. Ықшам дискі мəзірі көрінеді. 4.
4. Экрандық мəзір элементін таңдау үшін + немесе – түймесін пайдаланып оған өтіңіз жəне бөлектеңіз, сонан соң сол функцияны таңдау үшін OK түймесін басыңыз (OK түймесі сіздің моделіңізде өзгеше болуы мүмкін). 5. Масштабты реттеу үшін элементті алдыңғы тақтадағы + немесе – түймесін пайдаланып реттеңіз. 6. Функцияны реттеп болғаннан кейін Сақтау жəне қайта оралу тармағын таңдаңыз, егер параметрді сақтағыңыз келмесе, Болдырмау тармағын таңдаңыз, сонан соң негізгі мəзірден Шығу тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Синхроимпульс жəне синхроимпульс фазасы басқару элементтерін тек аналогтық (VGA) кірісті пайдаланғанда реттеуге болады. Сандық кірістер үшін бұл басқару элементтері реттелмейді. Алдымен синхроимпульсті дұрыс орнату керек, себебі синхроимпульс фазасының параметрлері негізгі синхроимпульс параметріне тəуелді болады. Бұл басқару элементтерін автоматты түрде реттеу функциясы қолайлы кескінді қамтамасыз етпеген жағдайда ғана пайдаланыңыз.
Экранның орналасуын түзету үшін (көлденеңінен орналасу немесе тігінен орналасу): 1. Экрандық мəзірді ашу үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы Мəзір түймесін басып, Кескінді басқару > Көлденеңінен орналасу жəне/немесе Тігінен орналасу тармағын таңдаңыз. 2. Монитордың дисплей аумағындағы кескіннің орналасуын дұрыс реттеу үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы + (плюс) немесе – (минус) түймесін басыңыз.
10. Ағымдағы уақыт орнатылғаннан кейін, бөлектеу автоматты түрде Өшіру уақытын орнату тармағына өтеді. Өшіру уақытын орнату үшін 6-9 қадамдарды қайталаңыз. 11. Егер Өшіру уақытын орнатқыңыз келмесе, OK түймесін екі рет басып, мəзірден шығу үшін Сақтау жəне қайта оралу тармағын таңдаңыз. 12. Өшіру уақыты орнатылғаннан кейін, бөлектеу автоматты түрде Қосу уақытын орнату тармағына өтеді. Қосу уақытын орнату үшін 6-9 қадамдарды қайталаңыз. 13.
Монитор күйлерін анықтау Келесі монитор күйлерін анықтағанда (кейбір күйлер тек таңдалған модельдерге қолданылады) монитор экранында арнайы хабарлар пайда болады: ● Монитор күйі – мониторды қосқанда немесе кіріс көзінің сигналын өзгерткенде, монитор күйі туралы хабар бес секунд бойы көрсетіледі.
14 ● Ұрлық режимі қосылған—ұрлықтан қорғау режимінің қосылғандығын көрсетеді. Ұрлықтан қорғау режимі HP Display Assistant бағдарламасында орнатуға болатын қосымша функция болып табылады. Ұрлықтан қорғау режимі қуат жəне дисплей кабельдері монитордан ажыратылса, монитор басқа компьютерге қайта қосылса жəне өткен уақыт ішінде ұрлықтан қорғау PIN нөмірі енгізілмесе іске қосылады. Монитор ұрлықтан қорғау режимінде болса, қуат түймесінен басқа алдыңғы тақтадағы барлық түймелер ажыратылады.
а Ақауларды жою Жиі кездесетін ақауларды жою Келесі кестеде болуы мүмкін ақаулар, əрбір ақаудың ықтимал себебі жəне ақауды жою үшін ұсынылатын əдістер көрсетілген. KKWW Ақау Ықтимал себебі Ақауды жою əдісі Экран бос. Қуат сымы ажыратылған. Қуат сымын қосыңыз. Монитордың алдыңғы тақтасындағы қуат түймесі өшірілген. Алдыңғы тақтадағы қуат түймесін басыңыз. ЕСКЕРІМ: Қуат түймесі блокталған болса, қуат түймесін блоктау функциясын өшіру үшін қуат түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Ақау Ықтимал себебі Ақауды жою əдісі Монитор өшірілген, бірақ ол қуат аз пайдаланылатын ұйқы режиміне өтпейді. Монитордың энергияны үнемдеу режимі ажыратылған. Монитордың экрандық мəзірінен Басқару > Энергияны үнемдегіш тармағын таңдаңыз. Монитор қуат аз пайдаланылатын режимге өтуі үшін басқару элементін Қосу күйіне орнату керек. Экрандық мəзір блокталған хабары көрсетіледі. Монитордың экрандық мəзірді блоктау функциясы іске қосылған.
ə Нормативтік мəліметтер Байланыс жөніндегі федералдық комиссияның (FCC) мəлімдемесі Бұл жабдық сыналып, FCC ережелерінің 15-ші бөліміне сай В класты сандық құрылғы шектеулеріне сай екені анықталды. Бұл шектеулер тұрғын үйде орнатылғанда зиянды əсерлерден жеткілікті қорғауды қамтамасыз ету үшін жасалған. Бұл жабдық радио сəулелену энергиясын тудырады, пайдаланады жəне таратады жəне нұсқауларға сай орнатылмаса жəне пайдаланылмаса, радио байланысқа зиянды кедергілер жасауы мүмкін.
Houston, Texas 77269-2000 Немесе 1-800-HP-INVENT (1-800 474-6836) нөміріне қоңырау шалыңыз Осы FCC мəлімдемесі туралы сұрақтармен хабарласыңыз: Hewlett Packard компаниясы P. O. Box 692000, Mail Stop 510101 Houston, Texas 77269-2000 Немесе (281) 514-3333 нөміріне қоңырау шалыңыз Өнімді идентификациялау үшін өнімдегі бөлік, серия немесе модель нөмірін қараңыз. Canadian Notice This Class B digital apparatus meets all requirements of the Canadian Interference-Causing Equipment Regulations.
Нормативтік мəселелер бойынша мына мекенжайға хабарласыңыз: Hewlett-Packard GmbH, Dept./MS: HQ-TRE, Herrenberger Strasse 140, 71034 Boeblingen, GERMANY. Германия, эргономика жөніндегі мəлімдеме HP бренд өнімдерінен тұратын жүйе барлық əсер етілетін құрамдас өнімдерде, мысалы, үстелдік компьютерде, пернетақтада, тінтуірде жəне мониторда «GS» бекіту белгісі болса, тиісті эргономикалық талаптарына сай келеді. Өнімдермен бірге берілетін орнату нұсқаулықтары конфигурациялау туралы ақпаратты қамтиды.
Жапондық қуат сымына қойылатын талаптар Жапонияда тек өніммен бірге келген қуат сымын пайдаланыңыз. ЕСКЕРТУ: Осы өніммен бірге алған қуат сымын басқа ешбір өнімдерде пайдаланбаңыз.
Материалдарды тастау Кейбір HP сұйық кристалдық мониторлардың флуоресцент шамдарында сынап болады, пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оларды арнайы əдіспен жою керек болуы мүмкін. Бұл материалды жою экологиялық факторларға байланысты реттелуі мүмкін. Жою жəне қайта пайдалану туралы ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына немесе Электрондық өнеркəсіп ассоциациясына (EIA) хабарласыңыз: http://www.eiae.org.
Түркия EEE ережесі EEE ережесіне сай EEE Yönetmeliğine Uygundur Украина, қауіпті заттарды шектеу Жабдық Украинаның Министрлер кабинеті 2008 ж. 3 желтоқсанында №1057 қаулысымен бекіткен электр жəне электрондық жабдықтарда кейбір қауіпті заттарды қолдануға қатысты Техникалық ереженің талаптарына сай келеді.
б Сұйық кристалдық монитордың сапасы мен кескін элементтері туралы саясат Сұйық кристалдық монитор ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін HP стандарттарына сай жасалған дəлдігі жоғары технологияны пайдаланады. Дегенмен, дисплейде шағын жарық немесе күңгірт дақтар сияқты кішкене кемшіліктер болуы мүмкін. Бұл барлық жеткізушілер қамтамасыз ететін өнімдерде пайдаланылатын барлық сұйық кристалдық дисплейлерде болады, тек HP сұйық кристалдық дисплейіне ғана тəн емес.