HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide
3 Мониторды пайдалану
Мониторды орнату
Мониторды орнату жəне кабельдерді жалғау үшін тиісті модельдің мониторды пайдаланушыға
арналған нұсқаулығын қараңыз.
Бағдарламалар жəне утилиталар
Монитормен бірге берілетін ықшам дискіде компьютерге орнатуға болатын файлдар бар:
● .INF (Ақпарат) файлы
●
.ICM (Сурет түстерін сəйкестеу) файлы
●
автоматты түрде реттеу үлгісі утилитасы
● монитор моделіне арналған қосымша бағдарлама
ЕСКЕРІМ: Егер монитормен бірге ықшам дискі берілмесе, .INF жəне .ICM файлдарын HP
мониторларына қолдау көрсету веб-сайтынан жүктеуге болады. Осы тараудағы
Интернеттен
жүктеу 7-бетте бөлімін қараңыз.
Ақпарат файлы
.INF файлы монитордың компьютердің графикалық адаптерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету
үшін Microsoft Windows операциялық жүйелері пайдаланатын монитор ресурстарын
сипаттайды.
Бұл монитор Microsoft Windows Plug and Play жүйесімен үйлесімді жəне монитор .INF файлын
орнатпай-ақ дұрыс жұмыс істейді. Монитордың «Plug and Play» жүйесімен үйлесімділігі
компьютердің графикалық картасы VESA DDC2 стандартымен үйлесімді болуын жəне
монитордың тікелей графикалық картаға қосылуын қажет етеді. «Plug and Play» жүйесі жеке
BNC коннекторлары немесе тарату буферлері/қораптары арқылы жұмыс
істемейді.
Сурет түстерін сəйкестеу файлы
.ICM файлдары монитор экранынан принтерге немесе сканерден монитор экранына тиісті
түстерді сəйкестеуді қамтамасыз ету үшін графикалық бағдарламалармен бірге
пайдаланылатын деректер файлдары болып табылады. Бұл файл осы функцияны қолдайтын
графикалық бағдарламалардың ішінен іске қосылады.
ЕСКЕРІМ: ICM түстер профилі Түс жөніндегі халықаралық консорциумның (ICC) профиль
пішімі спецификациясына сəйкес жазылады.
.INF жəне .ICM файлдарын орнату
Жаңарту қажет болғанда, .INF жəне .ICM файлдарын ықшам дискіден орнатуға немесе оларды
жүктеп алуға болады.
6 Бап 3 Мониторды пайдалану KKWW










