HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide
Автоматты түрде реттеу функциясын пайдалану үшін:
1. Реттеуден бұрын монитордың жылынуы үшін 20 минут күтіңіз.
2. Монитордың алдыңғы тақтасындағы авто түймесін басыңыз.
●
Сондай-ақ Мəзір түймесін басып, негізгі экрандық мəзірден Кескінді басқару >
Автоматты түрде реттеу тармағын таңдауға болады. Осы тараудағы
Монитор
параметрлерін реттеу 8-бетте бөлімін қараңыз.
●
Егер сізді нəтиже қанағаттандырмаса, процедураны жалғастырыңыз.
3. Ықшам дискіні дискіенгізгіге салыңыз. Ықшам дискі мəзірі көрінеді.
4. Автоматты түрде реттеу бағдарламасын ашу тармағын таңдаңыз. Орнату сынақ үлгісі
көрінеді.
5. Тұрақты, ортада орналасқан кескінді алу үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы авто
түймесін басыңыз.
6. Сынақ үлгісінен шығу үшін пернетақтадағы ESC пернесін немесе кез
келген басқа пернені
басыңыз.
Cурет 3-1 Автоматты түрде реттеу сынақ үлгісі
ЕСКЕРІМ: Автоматты түрде реттеу сынақ үлгісі утилитасын http://www.hp.com/support
сайтынан жүктеуге болады.
Монитор параметрлерін реттеу
Монитор параметрлерін экрандық мəзірден реттеуге болады.
ЕСКЕРІМ: Егер дисплей параметрлері дұрыс болмаса, экрандық мəзірді ашып, Зауыттық
параметрлерді қалпына келтіру тармағын таңдау арқылы зауыттық əдепкі параметрлерді
қалпына келтіріңіз.
Экрандық мəзірді пайдалану
Экрандағы кескінді өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеу үшін экрандық мəзірді пайдаланыңыз.
Экрандық мəзірге кіру үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:
1. Егер монитор əлі қосылмаған болса, оны қосу үшін Қуат түймесін басыңыз.
2. Экрандық мəзірге кіру үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы Мəзір түймесін басыңыз.
3. Экрандық мəзір ішінде жылжу үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы + (плюс) түймесін
жоғары
айналдыру үшін немесе – (минус) түймесін кері айналдыру үшін басыңыз.
8 Бап 3 Мониторды пайдалану KKWW










