HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide
4. Экрандық мəзір элементін таңдау үшін + немесе – түймесін пайдаланып оған өтіңіз жəне
бөлектеңіз, сонан соң сол функцияны таңдау үшін OK түймесін басыңыз (OK түймесі сіздің
моделіңізде өзгеше болуы мүмкін).
5. Масштабты реттеу үшін элементті алдыңғы тақтадағы + немесе – түймесін пайдаланып
реттеңіз.
6. Функцияны реттеп болғаннан кейін Сақтау жəне қайта оралу тармағын
таңдаңыз, егер
параметрді сақтағыңыз келмесе, Болдырмау тармағын таңдаңыз, сонан соң негізгі
мəзірден Шығу тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Мəзірді көрсету кезінде түймелер 10 секунд ішінде басылмаса, экрандық мəзір
барлық өзгерістерді автоматты түрде сақтап жабылады.
Келесі кестеде экрандық негізгі мəзірдің элементтері қысқаша сипаттамаларымен берілген.
Кесте 3-1 Экрандық негізгі мəзір
Белгіше Негізгі мəзір Сипаттама
Жарықтық Экранның жарықтық деңгейін реттейді. Зауыттық əдепкі мəні 90.
Контраст Экранның контраст деңгейін реттейді. Зауыттық əдепкі мəні 80.
Түс Экран түсін таңдайды жəне реттейді.
Кескінді басқару Экрандағы кескінді реттейді. (Бұл мəзір тек VGA кірісін пайдаланғанда қол жетімді болады.)
Экрандық мəзірді
басқару
Экрандық мəзірдің басқару элементтерін реттейді.
Басқару Монитордың қуатты басқару, дыбыс жəне таймер мүмкіндіктерін таңдайды.
Тіл Экрандық мəзір тілін таңдайды. Зауыттық əдепкі тіл – ағылшын.
Ақпарат Монитор туралы маңызды ақпаратты таңдайды жəне көрсетеді.
Зауыттық
параметрлерді
қалпына келтіру
Тілден басқа барлық экрандық мəзір параметрлерін жəне DDC/CI басқару элементтерін
зауыттық əдепкі параметрлерге қайтарады.
Сигнал көзін
басқару
Бейне кіріс сигналын таңдайды. (Бұл мəзір бірнеше кірісі бар модельдер үшін ғана қол жетімді.)
Шығу Экрандық мəзір экранынан шығу.
Кескін сапасын оңтайландыру (аналогтық кіріс)
Кескін сапасын жақсарту үшін экрандық мəзірдегі екі басқару элементін реттеуге болады:
Синхроимпульс жəне синхроимпульс фазасы.
KKWW Мониторды пайдалану жəне реттеу 9










