HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide
ЕСКЕРІМ: Синхроимпульс жəне синхроимпульс фазасы басқару элементтерін тек аналогтық
(VGA) кірісті пайдаланғанда реттеуге болады. Сандық кірістер үшін бұл басқару элементтері
реттелмейді.
Алдымен синхроимпульсті дұрыс орнату керек, себебі синхроимпульс фазасының
параметрлері негізгі синхроимпульс параметріне тəуелді болады. Бұл басқару элементтерін
автоматты түрде реттеу функциясы қолайлы кескінді қамтамасыз етпеген жағдайда ғана
пайдаланыңыз.
●
Синхроимпульс—Экран фонында көрінетін кез келген тік жолақтарды барынша азайту
үшін мəнді үлкейтеді/кішірейтеді.
●
Синхроимпульс фазасы—Бейненің жыпылықтауын немесе көмескілігін барынша азайту
үшін мəнді үлкейтеді/кішірейтеді.
ЕСКЕРІМ: Басқару элементтерін пайдаланғанда, ықшам дискіде берілген автоматты түрде
реттеу үлгісі утилитасын пайдалану арқылы ең жақсы нəтижелерді аласыз.
Синхроимпульс жəне синхроимпульс фазасы мəндерін реттегенде, егер монитордағы кескіндер
бұзылса, мəндерді реттеуді кескіндер жөнделгенше жалғастырыңыз. Зауыттық параметрлерді
қалпына келтіру үшін экрандық мəзірдегі Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
мəзірінен Иə тармағын таңдаңыз.
Тік жолақтарды жою үшін (Синхроимпульс):
1. Экрандық мəзірді ашу үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы Мəзір түймесін басып,
Кескінді басқару > Синхроимпульс тармағын таңдаңыз.
2. Тік жолақтарды жою үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы + (плюс) немесе – (минус)
түймесін басыңыз. Ең қолайлы реттеу нүктесін өткізіп алмау үшін түймелерді ақырын
басыңыз.
Cурет 3-2 Синхроимпульсті реттеу
3. Синхроимпульс реттелгеннен кейін, егер экранда көмескілік, жыпылықтау немесе
жолақтар пайда болса, синхроимпульс фазасын реттеңіз.
Жыпылықтауды немесе көмескілікті жою үшін (Синхроимпульс фазасы):
1. Экрандық мəзірді ашу үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы Мəзір түймесін басып,
Кескінді басқару > Синхроимпульс фазасы тармағын таңдаңыз.
2. Жыпылықтауды немесе көмескілікті жою үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы + (плюс)
немесе – (минус
) түймесін басыңыз. Компьютерге немесе орнатылған графикалық
контроллер картасына байланысты жыпылықтау немесе көмескілік жойылмауы мүмкін.
Cурет 3-3 Синхроимпульс фазасын реттеу
10 Бап 3 Мониторды пайдалану KKWW










