HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide

Экранның орналасуын түзету үшін (көлденеңінен орналасу немесе тігінен орналасу):
1. Экрандық мəзірді ашу үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы Мəзір түймесін басып,
Кескінді басқару > Көлденеңінен орналасу жəне/немесе Тігінен орналасу тармағын
таңдаңыз.
2. Монитордың дисплей аумағындағы кескіннің орналасуын дұрыс реттеу үшін монитордың
алдыңғы тақтасындағы + (плюс) немесе (минус) түймесін басыңыз. Көлденеңінен
орналасу кескінді солға
немесе оңға жылжытады; Тігінен орналасу кескінді жоғары жəне
төмен жылжытады.
Cурет 3-4 Көлденеңінен немесе тігінен орналасуды реттеу
Ұйқы таймері режимі
Ұйқы таймері режимі күн сайын мониторды қосу немесе өшіру үшін бір уақытты орнатуға
мүмкіндік беретін энергияны үнемдеу функциясы болып табылады. Сондай-ақ, бұл функция
монитордағы артқы жарық шамдарының жұмыс істеу мерзімін ұзартады. Ұйқы таймерінде бес
параметр бар:
Ағымдағы уақытты орнату
Өшіру уақытын орнату
Қосу уақытын орнату
Таймер: Қосу/Өшіру
Қазір өшіру
Таймерді
орнату үшін:
1. Экрандық мəзірді көрсету үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы Мəзір түймесін
басыңыз.
2. Төменге айналдырып, Басқару тармағын бөлектеңіз.
3. Басқару тармағын таңдау үшін OK түймесін басыңыз.
4. Төменге айналдырып, Ұйқы таймері > Ағымдағы уақытты орнату тармағын бөлектеңіз
жəне таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Уақытты Өшіру уақыты немесе Қосу уақыты үшін қайта орнатудан бұрын
ағымдағы жергілікті уақытты орнату қажет. Уақыттың 24 сағаттық пішімде көрсетілетінін
ескеріңіз. Мысалы, 1:15 т.к. уақыты 13 сағат 15 минут түрінде көрсетіледі.
Электр энергиясы болмағанда немесе монитор қуат көзінен ажыратылса, таймер 00:00
мəніне қойылады. Мұндай жағдайда ұйқы таймері режимін қайта орнату қажет.
5. Сағатты реттеу режиміне өту үшін OK түймесін басыңыз.
6. Сағатты реттеу үшін - (минус) немесе + (плюс) түймесін басыңыз.
7. Минутты енгізу үшін OK түймесін қайта басыңыз.
8. Минутты реттеу үшін - (минус) немесе + (плюс) түймесін басыңыз.
9. Таңдалған уақытты бекіту үшін OK түймесін басыңыз.
KKWW Мониторды пайдалану жəне реттеу 11