HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide
10. Ағымдағы уақыт орнатылғаннан кейін, бөлектеу автоматты түрде Өшіру уақытын орнату
тармағына өтеді. Өшіру уақытын орнату үшін 6-9 қадамдарды қайталаңыз.
11. Егер Өшіру уақытын орнатқыңыз келмесе, OK түймесін екі рет басып, мəзірден шығу үшін
Сақтау жəне қайта оралу тармағын таңдаңыз.
12. Өшіру уақыты орнатылғаннан кейін, бөлектеу автоматты түрде Қосу уақытын орнату
тармағына өтеді. Қосу уақытын
орнату үшін 6-9 қадамдарды қайталаңыз.
13. Ұйқы таймері параметрлерін іске қосу үшін Таймер режимін Қосу күйіне орнатыңыз.
14. Аяқтағаннан кейін, мəзірден шығу үшін Сақтау жəне қайта оралу тармағын таңдаңыз.
Бесінші параметр, Қазір өшіру, монитордың артқы жарықтарын дереу өшіреді жəне келесі
Қосу уақыты іске қосылғанша немесе монитор түймесі басылғанша ұйқы режимінде қалады.
HP Display Assistant утилитасын пайдалану (таңдалған модельдер)
Таңдалған модельдер үшін бағдарлама жəне құжаттама ықшам дискісінде болатын HP Display
Assistant реттеу процесінде түсінікті нұсқаулар беретін жəне монитордың əрбір басқару
элементіне арналған фондық үлгілерді беретін утилита болып табылады. Ол келесілерді
қамтамасыз етеді:
●
Ең жақсы кескін сапасын алу үшін жүйелі нұсқаулар шеберінің көмегімен экранды дəл
калибрлеу.
● Монитордың алдыңғы тақтасындағы түймелерге жəне экрандық мəзірге тəуелділікті
жою
үшін монитордағы кескінді жəне түс параметрлерін бағдарлама арқылы басқару.
●
Бірнеше пайдаланушы болатын ортада əрбір жеке пайдаланушы үшін берілген, алдын ала
орнатылған дисплей параметрлері.
●
Мазмұнға жəне сыртқы жарыққа негізделген жеке пайдаланушыға арналған бірнеше алдын
ала орнатылған дисплей параметрлері.
●
Активтерді басқару жəне қуатты басқару мүмкіндіктері, оған орталық консольден топтағы
жеке немесе топтық
дисплейлерге арналған қашықтан басқару мүмкіндігі кіреді.
HP Display Assistant утилитасында екі жұмыс режимі бар: Шебер жəне экрандық мəзір режимі.
Шебер режимі қолайлы пайдалану əдісі болып табылады, ол мониторды дəл калибрлеу үшін
бірізді процесті қамтамасыз етеді. Бұл əдіс орындалғанда ең жақсы көрсету нəтижелерін
қамтамасыз ететін қадамдар қатарына негізделген.
ЕСКЕРІМ: Бағдарлама жөнінде қосымша ақпарат алу үшін HP Display Assistant
пайдаланушысына арналған нұсқаулықты қараңыз.
12 Бап 3 Мониторды пайдалану KKWW










