HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide

Монитор күйлерін анықтау
Келесі монитор күйлерін анықтағанда (кейбір күйлер тек таңдалған модельдерге қолданылады)
монитор экранында арнайы хабарлар пайда болады:
Монитор күйімониторды қосқанда немесе кіріс көзінің сигналын өзгерткенде, монитор
күйі туралы хабар бес секунд бойы көрсетіледі. Бұл хабар қай кіріс ағымдағы белсенді
сигнал екенін, көзді автоматты түрде ауыстырып қосу реттеуінің күйінҚосу» немесе
«Өшіру»),
əдепкі көз сигналын, ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей
ажыратымдылығын жəне ұсынылған алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығын
көрсетеді.
Кіріс сигналы диапазоннан тысмонитордың кіріс сигналын қолдамайтынын көрсетеді,
себебі ажыратымдылық жəне/немесе жаңарту жиілігі монитор қолдайтын мəннен
жоғарырақ етіп орнатылған (сіздің моделіңіз үшін қолдау көрсетілетін параметрлерді көру
үшін пайдаланушыға арналған нұсқаулықты қараңыз).
Кіріс сигналы
жоқмонитор бейне кірісінің коннекторында компьютерден бейне сигналын
алмайды. Компьютердің немесе кіріс сигналы көзінің өшірулі немесе энергияны үнемдеу
режимінде екенін тексеріңіз.
Автоматты түрде реттеу орындалудаавтоматты түрде реттеу функциясының іске
қосылғанын көрсетеді.
Монитор ұйқы режиміне өтедіэкран дисплейінің ұйқы режиміне өтіп жатқанын
көрсетеді.
Бейне кабелін тексеріңізбейне кабелінің компьютерге дұрыс қосылмағанын
көрсетеді.
Параметрлер пайдаланушы параметрі ретінде сақталдыжылдам қарау ішкі мəзірінде
пайдаланушы параметрінің сақталғанын көрсетеді. Бұл жағдай жылдам қарау мəзірінде
алдын ала орнатылған мəн таңдалғанда жəне экрандық мəзірде жарықтық, контраст
немесе түс өзгертілгенде болады.
Экрандық мəзір блокталғанэкрандық мəзірді алдыңғы тақтадағы Мəзір түймесін 10
секунд бойы басып тұру арқылы қосуға немесе өшіруге болады
. Егер экрандық мəзір
блокталған болса, Экрандық мəзір блокталған ескерту хабары он секунд бойы
көрсетіледі.
Экрандық мəзір блокталған болса, экрандық мəзірді блоктан шығару үшін Мəзір
түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Экрандық мəзір блоктан шығарылған болса, экрандық мəзірді блоктау үшін Мəзір
түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Қуат түймесін блоктауқуат түймесінің блокталғанын көрсетеді
. Егер қуат түймесі
блокталған болса, Қуат түймесін блоктау ескерту хабары көрсетіледі.
Қуат түймесі блокталған болса, қуат түймесі функциясын блоктан шығару үшін қуат
түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Қуат түймесі блоктан шығарылған болса, қуат түймесі функциясын блоктау үшін қуат
түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Динамикалық контраст коэффициенті қосылғандинамикалық контраст
коэффициентінің қосылғандығын
көрсетеді. Динамикалық контраст коэффициенті Кескінді
басқару экрандық мəзірінде қосылғанда осылай болады.
Динамикалық контраст коэффициенті өшірілгендинамикалық контраст
коэффициентінің өшірілгендігін көрсетеді. Динамикалық контраст коэффициенті Кескінді
басқару экрандық мəзірінде өшірілгенде осылай болады.
KKWW Мониторды пайдалану жəне реттеу 13