HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide
аАқауларды жою
Жиі кездесетін ақауларды жою
Келесі кестеде болуы мүмкін ақаулар, əрбір ақаудың ықтимал себебі жəне ақауды жою үшін
ұсынылатын əдістер көрсетілген.
Ақау Ықтимал себебі Ақауды жою əдісі
Экран бос. Қуат сымы ажыратылған. Қуат сымын қосыңыз.
Монитордың алдыңғы
тақтасындағы қуат түймесі
өшірілген.
Алдыңғы тақтадағы қуат түймесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қуат түймесі блокталған болса, қуат
түймесін блоктау функциясын өшіру үшін қуат
түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Бейне кабелі дұрыс
қосылмаған.
Бейне кабелін дұрыс қосыңыз.
Экранды өшіру функциясы
іске қосылған.
Экранды
өшіру бағдарламасын өшіру үшін
пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз
немесе тінтуірді жылжытыңыз.
Экрандағы кескін бұзылған; мəтін
көмескі немесе анық емес; кескін
сапасы төмен.
Компьютердің графикалық
картасының
ажыратымдылығы
монитордың өзінің
ажыратымдылығынан төмен
немесе жоғары мəнге
орнатылған.
Ең жоғары сурет сапасын қамтамасыз ету үшін
компьютер дисплейінің ажыратымдылығын
монитордың ұсынылған экран
ажыратымдылығымен бірдей режимге қойыңыз.
Кескін анық емес немесе тым
күңгірт
болып көрінеді.
Жарықтық пен контраст тым
төмен.
Алдыңғы тақтадағы OK/авто түймесін басыңыз.
Егер бұл кескінді түзетпесе, экрандық мəзірді
ашу үшін Мəзір түймесін басыңыз жəне
жарықтық пен контраст мəндерін қажетінше
реттеңіз.
Кескін ортада орналаспаған Орналасуды реттеу қажет
болуы мүмкін.
Экрандық мəзірге кіру үшін Мəзір түймесін
басыңыз. Кескіннің көлденеңінен немесе тігінен
орналасуын реттеу үшін Кескінді басқару/
Көлденеңінен
орналасу немесе Тігінен
орналасу тармағын таңдаңыз.
Экранда Бейне кабелін тексеріңіз
хабары пайда болады.
Монитордың бейне кабелі
ажыратылған.
Компьютер мен монитор арасында тиісті бейне
кабелін (DVI немесе VGA) қосыңыз. Бейне
кабелін қосып жатқанда компьютер қуаты
өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
Кіріс сигналы диапазоннан тыс
хабары экранда пайда болады.
Бейне ажыратымдылығы
жəне/немесе жаңарту жиілігі
монитор қолдайтын мəннен
жоғарырақ мəнге
қойылған.
Компьютерді қайта іске қосыңыз жəне қауіпсіз
режимге өтіңіз. Параметрлерді қолдау
көрсетілетін параметрге өзгертіңіз (қолдау
көрсетілетін ажыратымдылық параметрлерін
мониторды пайдаланушыға арналған
нұсқаулықтан қараңыз). Жаңа параметрлер
күшіне енуі үшін компьютерді қайта іске
қосыңыз.
KKWW Жиі кездесетін ақауларды жою 15










