HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide

Нормативтік мəселелер бойынша мына мекенжайға хабарласыңыз: Hewlett-Packard GmbH,
Dept./MS: HQ-TRE, Herrenberger Strasse 140, 71034 Boeblingen, GERMANY.
Германия, эргономика жөніндегі мəлімдеме
HP бренд өнімдерінен тұратын жүйе барлық əсер етілетін құрамдас өнімдерде, мысалы,
үстелдік компьютерде, пернетақтада, тінтуірде жəне мониторда «GS» бекіту белгісі болса,
тиісті эргономикалық талаптарына сай келеді. Өнімдермен бірге берілетін орнату
нұсқаулықтары конфигурациялау туралы ақпаратты қамтиды.
Жапония үшін мəлімдеме
Корея үшін мəлімдеме
Қуат сымдарының жиынтығына қойылатын талаптар
Монитордың қуат көзінде қуат кернеуін автоматты түрде ауыстыру (ALS) функциясы бар. Бұл
функция мониторға 100-120 В немесе 200-240 В арасындағы кіріс кернеулерді жұмыс істеуге
мүмкіндік береді.
Монитормен бірге алған қуат сымы (иілгіш кабель немесе розетка) жабдықты сатып алған елде
пайдалану талаптарына сай келеді.
Басқа ел үшін қуат сымын алу керек болса, сол елде пайдалану үшін
бекітілген қуат сымын
сатып алыңыз.
Қуат сымы монитормен үйлесімді болуы жəне сəйкес өнім белгілеуінде көрсетілген кернеу
жəне ток параметрлеріне сай болуы керек. Сымның кернеу жəне ток параметрлерінің мəндері
өнімнің белгілеуінде көрсетілген кернеу жəне ток параметрлерінен жоғары болуы керек. Бұған
қоса, сымның қимасы кемінде 0,75 мм² немесе 18 AWG болуы керек, ал ұзындығы 1,8 м мен 3,6
м арасында
болуы керек. Егер пайдаланылатын қуат сымының түрі туралы сұрақтарыңыз
болса, өкілетті HP қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
Қуат сымын оның үстінен жүрмейтіндей не үстіне немесе жанына қойылған заттар
қыспайтындай өткізу керек. Ашаға, электр розеткасына жəне сым өнімнен шығатын жерге
ерекше көңіл бөлу керек.
KKWW Германия, эргономика жөніндегі мəлімдеме 19