HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide
Жапондық қуат сымына қойылатын талаптар
Жапонияда тек өніммен бірге келген қуат сымын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Осы өніммен бірге алған қуат сымын басқа ешбір өнімдерде пайдаланбаңыз.
Өнімнің қоршаған ортаға əсері туралы мəлімдемелер
ENERGY STAR® куəлігі
ENERGY STAR® серіктесі ретінде, Hewlett Packard компаниясы EPA жетілдірілген өнімді
тексеру жəне сертификаттау процесін орындады, ENERGY STAR® логотипімен белгіленген
өнімдер энергияны тиімді пайдалану үшін ENERGY STAR® нұсқаулары бойынша ENERGY
STAR® тарапынан бекітілді.
Келесі ENERGY STAR® сертификаттау белгісі барлық ENERGY STAR® талаптарына сай
дисплейлерде болады.
Дисплейлер мен компьютерлерге арналған ENERGY STAR® бағдарламасын EPA агенттігі
үйлерде, кеңселерде жəне зауыттарда қуатты көбірек үнемдейтін жабдықтарды пайдалану
арқылы қуатты үнемдеуге ынталандыру жəне ауаны ластауды азайту үшін жасаған. Өнімдердің
бұл мақсатқа жетуінің бір жолы – Microsoftt Windows қуатты басқару мүмкіндігі арқылы
пайдаланылмағанда қуатты тұтынуды азайту.
Қуатты басқару мүмкіндігі компьютерге белсенді емес кезеңінен кейін төмен қуат (немесе
«ұйқы») режиміне енуге
мүмкіндік береді. ENERGY STAR® талаптарына сəйкестігін анықтаған
сыртқы монитормен бірге пайдаланғанда, бұл мүмкіндік, сонымен бірге, сыртқы монитордың
қуатты басқару мүмкіндіктерін қолдайды. Осы энергияны үнемдеу артықшылығын пайдалану
үшін пайдаланушылар ENERGY STAR талаптарына сай компьютерлерде жəне дисплейлерде
берілген əдепкі қуатты басқару параметрлерін пайдалануы керек. Жүйе айнымалы ток
қуатынан жұмыс істегенде, ENERGY STAR® талаптарына сай компьютерлеріндегі қуатты
басқару параметрлері келесідей əрекет етеді:
●
15 минут ішінде пайдаланушы əрекет жасамаса, сыртқы дисплей өшіріледі
●
30 минут ішінде пайдаланушы əрекет жасамаса, компьютер қуат аз тұтынылатын ұйқы
режиміне өтеді
ENERGY STAR® талаптарына сай компьютерлер пайдаланушы компьютерді пайдалануын
жалғастырғанда қуатты аз тұтынатын ұйқы режимінен шығады жəне ENERGY STAR®
талаптарына сай дисплейлер жұмысын жалғастырады. Мысалы, пайдаланушы қуат/ұйқы
режимі түймесін басқанда, сондай-ақ, кіріс құрылғысынан кіріс
сигналды алу, Wake On LAN
(WOL) функциясы қосулы кезде желілік қосылымнан кіріс сигналын алу, т.б. болуы мүмкін.
ENERGY STAR® бағдарламасы, оның қоршаған орта үшін пайдасы жəне қуатты басқару
функциясының қаржыны жəне энергияны үнемдеуі туралы ақпаратты EPA ENERGY STAR®
қуатты басқару веб-сайтынан табуға болады:
http://www.energystar.gov/powermanagement.
20 Қосымша ə Нормативтік мəліметтер KKWW










