HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide

Материалдарды тастау
Кейбір HP сұйық кристалдық мониторлардың флуоресцент шамдарында сынап болады,
пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оларды арнайы əдіспен жою керек болуы мүмкін.
Бұл материалды жою экологиялық факторларға байланысты реттелуі мүмкін. Жою жəне қайта
пайдалану туралы ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына немесе Электрондық
өнеркəсіп ассоциациясына (EIA) хабарласыңыз:
http://www.eiae.org.
Еуропалық Одақта жеке үйдегі пайдаланушылардың қоқыс жабдықты
тастауы
Өнімдегі немесе оның орауышындағы осы таңба бұл өнімді басқа тұрмыстық қоқыспен бірге
тастамау керектігін көрсетеді. Оның орнына, қоқыс жабдықты электр жəне электрондық
жабдықтарды қайта өңдеуге арналған, белгіленген жинау орнына беруге жауаптысыз. Тастау
кезінде қоқыс жабдықты бөлек жинау жəне қайта өңдеу табиғат ресурстарын сақтайды жəне
оның адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғап қайта өңделуін
қамтамасыз етеді.
Қоқыс жабдықты қайта өңдеуге қайда тастауға болатыны туралы қосымша ақпаратты алу үшін
жергілікті қала кеңсесіне, тұрмыстық қоқысты тастау қызметіне немесе өнімді сатып алған
дүкенге хабарласыңыз.
HP қайта өңдеу бағдарламасы
HP компанияы пайдаланылған электрондық жабдықтарды, түпнұсқа HP басып шығару
картридждерін жəне қайта зарядталатын батареяларын қайта өңдеуге өткізуге шақырады.
Қайта өңдеу бағдарламалары туралы қосымша ақпарат:
http://www.hp.com/recycle.
Химиялық заттар
HP компаниясы REACH (Еуропалық Парламент пен Кеңестің EК 1907/2006 ережесі) сияқты
заң талаптарына сай болу үшін тұтынушыларына өнімдеріндегі химиялық заттар туралы
ақпарат береді. Осы өнім бойынша химиялық заттар туралы ақпарат бар есепті
http://www.hp.com/go/reach мекенжайында табуға болады.
Қауіпті заттарды шектеу (RoHS)
JIS C 0950, 2005 стандартымен анықталатын, Жапонияда қойылатын талаптар өндірушілердің
2006 жылдың 1 шілдесінен кейін сатуға шығарылатын белгілі бір электрондық өнімдердің
санаттары үшін Құрамындағы материалдар туралы декларацияларды қамтамасыз етуді талап
етеді. Осы өнімге қатысты JIS C 0950 материалдар туралы декларациясын көру үшін мына
мекенжайға өтіңіз:
http://www.hp.com/go/jisc0950.
KKWW Өнімнің қоршаған ортаға əсері туралы мəлімдемелер 21