HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide

бСұйық кристалдық монитордың
сапасы мен кескін элементтері
туралы саясат
Сұйық кристалдық монитор ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін HP стандарттарына
сай жасалған дəлдігі жоғары технологияны пайдаланады. Дегенмен, дисплейде шағын жарық
немесе күңгірт дақтар сияқты кішкене кемшіліктер болуы мүмкін. Бұл барлық жеткізушілер
қамтамасыз ететін өнімдерде пайдаланылатын барлық сұйық кристалдық дисплейлерде
болады, тек HP сұйық кристалдық дисплейіне ғана тəн емес. Бұл кемшіліктерді бір немесе
бірнеше ақаулы
пикселдер немесе субпикселдер тудырады.
Пиксел бір қызыл, бір жасыл жəне бір көк субпикселден тұрады.
Ақаулы тұтас пиксел əрқашан қосулы (күңгірт фондағы жарық нүкте) немесе əрқашан
өшірулі (жарық фондағы күңгірт нүкте) болады. Екеуінің ішінен біріншісі қаттырақ көрінеді.
Ақаулы субпиксел (нүкте ақаулығы) ақаулы тұтас пикселмен салыстырғанда азырақ
көрінеді, əрі ол кішкентай жəне
тек нақты фонда көрінеді.
Ақаулы пикселдерді табу үшін мониторға қалыпты жағдайларда, қолдау көрсетілетін
ажыратымдылықпен жəне жаңарту жиілігімен шамамен 50 cм (20 дюйм) қашықтықтан қарау
керек.
HP компаниясы уақыттың өтуімен өнеркəсіп мүмкіндіктері жақсарып, косметикалық кемшіліктер
саны азырақ болатын сұйық кристалдық дисплейлердің жасалатынына сенеді жəне HP
компаниясы жақсартулардың енгізілуіне қарай нұсқауларды реттеп отырады.
KKWW 23