HP Liquid Crystal Monitors Reference Guide
1 Монитордың жұмысын
оңтайландыру
Мониторды орнатқан кезде сақ болыңыз
Монитордың зақымдалуын болдырмау үшін сұйық кристалдық панельдің бетін ұстамаңыз.
Панельге қысым түссе, түстің біркелкілігі немесе сұйық кристалдардың бағыты бұзылуы мүмкін.
Мұндай жағдайда экранның қалыпты күйі қалпына келмейді.
Тіректі орнатқан кезде, мониторды қорғаныш пенопластпен немесе абразивті емес матамен
жабылған тегіс бетке бетін төмен қаратып қойыңыз. Бұлай істеу экранның тырналуын, оның
бетінің зақымдалуын немесе
сынуын жəне алдыңғы тақтадағы түймелердің зақымдалуын
болдырмайды.
Cурет 1-1 Мониторды ұстау əдісі
ЕСКЕРІМ: Мониторыңыз бұл суреттегі монитордан өзгеше болуы мүмкін.
Монитордың ең жақсы жұмыс көрсеткіштерін
қамтамасыз ету
1. Графикалық картаны істеп шығарушының ең соңғы графикалық карта драйверін
орнатыңыз.
2. VGA сигналының кірісін пайдаланатын мониторларда, мониторды пайдалану кезінде,
дисплейді оңтайландыру үшін монитордағы Авто түймесін басыңыз. Егер Авто функциясы
дисплейді толығымен түзетпесе, монитормен бірге берілген ықшам дискідегі Автоматты
түрде реттеу бағдарламасын іске қосыңыз, сонан соң Авто түймесін басыңыз.
3. Компьютердің операциялық жүйесінің Дисплей
сипаттары параметрлерін пайдаланып,
экранды келесі кестеде көрсетілген монитордың өлшеміне арналған оңтайлы
ажыратымдылыққа қойыңыз.
KKWW Мониторды орнатқан кезде сақ болыңыз 1










