V191,LV1911,W1971a,W1972a,W1952a,W1972b LV2011,LV2011q,W2071d,W2072a,W2072b,W2052a LV2311,W2371d Пайдаланушы нұсқаулығы
© 2011,2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Microsoft, Windows жəне Windows Vista – Microsoft корпорациясының АҚШ-та жəне/немесе басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. НР өнімдері мен қызметтері үшін жалғыз кепілдіктер осы өнімдер мен қызметтермен бірге келетін анық кепілдік мəлімдемелерінде берілген. Мұндағы ештеңе қосымша кепілдік беру сияқты түсінілмеуі керек. НР осындағы техникалық немесе редакторлық қателерге немесе жетімсіздіктерге жауапты болмайды.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулықта мониторды орнату, драйверлерді орнату, экран дисплейіндегі мəзірді пайдалану, ақаулықтарды жою туралы ақпарат жəне техникалық сипаттамалар қамтамасыз етілген. ЕСКЕРТУ! Осылайша ерекшелендірілген мəтін нұсқауларды орындамау денені жарақаттауға немесе өлімге əкелуі мүмкін екенін білдіреді. АБАЙЛАҢЫЗ: Осылайша белгіленген мəтін нұсқауларды орындамау жабдықтың зақымдалуына немесе ақпараттың жоғалуына əкелуі мүмкін екенін білдіреді.
Мазмұны Осы нұсқаулық туралы 1. Өнім мүмкіндіктері НР СКД мониторлары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 2. Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету нұсқаулары Маңызды қауіпсіздік ақпараты . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Қауіпсіздік шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
C. Агенттіктің реттеу ескертулері Федералдық байланыс комиссиясының ескертуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Өзгертулер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Кабельдер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. Өнім мүмкіндіктері НР СКД мониторлары НР СКД (сұйық кристалды дисплей) мониторларында белсенді матрица, жұқа қабатты транзисторлық (TFT) экран бар.
2. Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету нұсқаулары Маңызды қауіпсіздік ақпараты Қуат сымы монитормен бірге беріледі. Егер басқа сым пайдаланылса, тек осы монитор үшін тиісті қуат көзі мен қосылымды пайдаланыңыз. Монитормен бірге пайдаланылатын дұрыс қуат сымдары жинағы туралы ақпарат алу үшін «Қуат кабелін қосу» бөлімін қараңыз. ЕСКЕРТУ! Ток соғуының немесе жабдықтың зақымдалуының қаупін азайту үшін: • Қуат сымын жерге қосу мүмкіндігін өшірмеңіз. Жерге қосу штепселі – маңызды қауіпсізідк мүмкіндігі.
тексеріңіз. Əр құрылғының номиналды тогын (Ампер немесе А) анықтау үшін қуат жапсырмасын қараңыз. • Мониторды оңай жететін қуат розеткасының жанында орнатыңыз. Мониторды ажыратқанда штепсельді берік ұстаңыз жəне оны розеткадан тартыңыз. Ешқашан мониторды сымнан тартып ажыратпаңыз. • Қуат сымына ештеңенің тұруына жол бермеңіз. Сымды баспаңыз.
3. Мониторды орнату Мониторды орауыштан шығару 1. Мониторды орауыштан шығарыңыз. Бүкіл құрамдастар бар екенін тексеріңіз. Орауышты сақтаңыз. 2. Компьютерді жəне басқа жалғанған құрылғыларды өшіріңіз. 3. Мониторды жинау үшін тегіс аймақты дайындаңыз. Орнату үшін дайындағанда мониторды экранымен төмен қою үшін тегіс, жұмсақ, қорғалған аймақ қажет болуы мүмкін. Мониторды орнату Мониторды үстелге орнатуға немесе қабырғаға бекітуге болады. Мониторды компьютер жаныдағы ыңғайлы, жақсы желдетілетін орынға қойыңыз.
3. Негізді бағанға орнында құлыпталғанша басыңыз. 3-2 сурет Негізді бекіту 4. Мониторды тік күйге көтеріңіз жəне тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. 3-3 сурет Тік күйдегі монитор Мониторды қабырғаға бекітуге дайындау 1. Қабырғаға бекіту қысқыштарының тұрақтылығын тексеріңіз. ЕСКЕРТУ! Жеке жарақат алу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін мониторды бекіту алдында қабырға бекіту қысқышы тиісті түрде орнатылғанын жəне бекітілгенін тексеріңіз.
4. Негізгі монитордың төменгі жағынан ары сырғытыңыз. 3-4 сурет Негізді монитордан ары сырғыту 5. Төрт ирек оймалы ойық ашық. Бұл ойықтар ашылмалы тұтқаны немесе басқа бекіту қысқышын монитордың артына бекітетін бұрандаларға арналған. 6. Монитордың қауіпсіз бекітілуін қамтамасыз ету үшін бекіту қысқышымен бірге берілген нұсқауларды орындаңыз. Панельдің артындағы төрт ирек оймалы ойық тегіс панельді мониторлардың VESA стандартына сəйкес келеді. 7. Ашылмалы тұтқаны немесе басқа бекіту қысқышын бекітіңіз.
Монитор кабельдерін қосу VGA (аналогтық) кабелін немесе DVI-D (сандық) кабелін қосу Мониторды компьютерге қосу үшін VGA бейне кабелін немесе DVI-D кабелін пайдаланыңыз. DVI кірісін пайдалану үшін DVI үйлесімді графикалық картаңыз болуы керек. Қосқыштар монитордың артында орналасқан. Компьютер мен монитор өшірулі жəне ажыратылғанына көз жеткізіңіз. 1. VGA кабелін қосу VGA бейне кабелінің бір соңын монитордың артына, алекінші соңын компьютердегі VGA бейне қосқышына қосыңыз. 2.
Жылдамдығы жоғары сандық мазмұнды қорғау (HDCP) (Таңдалған модельдерде қол жетімді ) Монитор HDCP функциясын қолдайды жəне анықтығы жоғары мазмұнды қабылдай алады. Анықтығы жоғары мазмұн көп көздерде қол жетімді, мысалы, Blue-ray диск құрылғылары немесе HDTV əуе немесе кабельдік таратылымдары. HDCP қолдайтын мониторыңыз болмаса, анықтығы жоғары қорғалған мазмұнды көргенде бос экранды немесе ажыратымдылығы төменірек суретті көресіз.
Еңкейтуді баптау Оңтайлу көру үшін экранның еңкеюін таңдауыңыз бойынша келесідей баптаңыз: 1. Монитордың алдына тұрып, негізді еңкейтуді өзгерткенде мониторды аударып алмайтындай ұстаңыз. 2. Еңкейтуді монитордың жоғарғы жиегін экранға тиместен өзіңізге қарай немесе ары қарай жылжыту арқылы баптаңыз.
4. Мониторды пайдалану Бағдарлама жəне қызметтік бағдарламалар ықшам дискісі Осы монитормен бірге берілген ықшам диск компьютерде орнатуға болатын драйверлерді жəне бағдарламаны қамтиды. Драйверлерді орнату Егер драйверлерді жаңарту қажет екенін анықтасаңыз, монитор драйверінің INF жəне ICM файлдарын ықшам дискіден орнатуға немесе Интернеттен жүктеуге болады. Монитор драйвері бағдарламасын ықшам дискіден орнату Монитор драйвері бағдарламасын ықшам дискіден орнату үшін: 1.
Алдыңғы панельдің басқару элементтері Монитор түймелері алдыңғы панельдің төменгі жағында орналасқан 4-1 сурет Алдыңғы панельдің басқару түймелері 5 4 3 2 ENWW 1 Жоқ. Белгіше Сипаттама 1 Қуат Мониторды қосады немесе оны күту немесе ұйқы режиміне орнатады. Модельге байланысты қуат түймесі монитордың төменгі жағында немесе алдында орналасқан. 2 ОК Егер экрандық мəзір қосулы болса, бөлектелген мəзір элементін таңдау үшін басыңыз.
Экрандық дисплейді пайдалану Келесі кестеде экрандық дисплей мəзірінің опциялары жəне олардың функцияларының сипаттамалары тізілген. Экрандық мəзір элементін өзгерткеннен кейін жəне мəзір экранында осы опциялар бар болса, мыналардан таңдауға болады: 12 • Cancel (Болдырмау) - алдыңғы мəзір деңгейіне оралу. • Save and Return (Сақтау жəне оралу) - барлық өзгертулерді сақтау жəне экрандық негізгі мəзір экранына оралу. Бұл Сақтау жəне оралу опциясы тек мəзір элементін өзгертсеңіз ғана белсенді. 4.
ЭКРАНДЫҚ МƏЗІР Белгіше Негізгі мəзір Ішкі мəзір Сипаттама Brightness (Жарықтық) Adjustable scale (Бапталатын масштаб) Экранның жарықтық деңгейін баптайды. Зауыттық əдепкі ауқым – 90. Contrast (Контраст) Adjustable scale (Бапталатын масштаб) Экранның контраст деңгейін баптайды. Зауыттық əдепкі ауқым – 80. Color (Түс) Экран түсін таңдайды. Зауыттық əдепкі түс – 6500K немесе модельге байланысты теңшелетін түс. Warm (5000K) (Жылы (5000К)) Түсті аздап қызғылт аққа өзгертеді.
ЭКРАНДЫҚ МƏЗІР Белгіше Негізгі мəзір Ішкі мəзір Сипаттама Horizontal OSD Position (Көлденең экрандық дисплей күйі) Экрандық мəзірдің көру күйін экранның сол немесе оң аймағына өзгертеді. Зауыттық əдепкі ауқым – 97. Vertical OSD Position (Тік экрандық дисплей күйі) Экрандық мəзірді көру күйін экранның жоғарғы немесе төменгі аймағына өзгертеді. Зауыттық əдепкі ауқым – 18. OSD Transparency (Экрандық дисплейдің мөлдірлігі) Экрандық дисплейде өңдік ақпаратты көру үшін реттеңіз.
ЭКРАНДЫҚ МƏЗІР Белгіше Негізгі мəзір Сипаттама Sleep Timer (Ұйқы таймері) Таймерді баптау мəзірінің опцияларын қамтамасыз етеді: • Set Current Time (Ағымдағы уақытты орнату) – ағымдағы уақытты сағаттармен жəне минуттармен орнатады • Set Sleep Time (Ұйықтау уақытын орнату) – мониторды ұйқы режиміне орнату уақытын орнатады • Set on Time (Қосылу уақытын орнату) – монитордың ұйқы режимінен оянуы керек уақытты орнатады • Timer (Таймер) – ұйқы таймері мүмкіндігін қосады немесе өшіреді.
Бейне кіріс қосқыштарын таңдау КІріс қосқыштары: • VGA қосқышы (аналогтық) • DVI-D қосқышы (сандық) (таңдалған үлгілерде) Монитор қай кірістерде жарамды бейне сигналдары бар екенін автоматты түрде анықтайды жəне бейнені көрсетеді. VGA кабелін, DVI-D кабелін немесе екеуін де қосуға болады. Кабельдердің екеуі де орнатылса, əдепкі кіріс таңдауы – DVI. Кірістің көзін экрандық мəзірдегі «Кірісті таңдау» опциясын пайдаланып ауыстыруға болады.
• Dynamic Contrast Ratio Off (Динамикалық контраст қатынасы өшірулі) – динамикалық контраст қатынасы өшірілгенін көрсетеді. Бұл бейнені басқару экрандық мəзірінде динамикалық контраст қатынасы өшірілген болса орын алады. Экран сапасын баптау Авто баптау мүмкіндігі жаңа бейне режимі көрсетілген сайын бейне сапасын дисплей өлшемі, күйі, сағаты жəне фазасы үшін автоматты түрде баптайды. VGA кірісін дəл баптау үшін ықшам дискідегі Auto Adjustment бағдарламасын іске қосыңыз.
Ұйқы таймерінің режимі Ұйқы таймерінің режимі – монитордың күнде бір уақытта қосылу жəне өшу уақытын орнатуға мүмкіндік беретін энергияны үнемдеу мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл монитордағы күңгірт шамдардың қызмет көрсету мерзімін ұзартады. Ұйқы таймерінің бес параметрі бар: • Set Current Time (Ағымдағы уақытты орнату) • Set Sleep Time (Ұйқы уақытын орнату) • Set On Time (Қосылу уақытын орнату) • Timer (Таймер): On/Off (Қосулы/Өшірулі) • Sleep Now (Қазір ұйықтау) Таймерді орнату үшін: 1.
A. Ақаулықтарды жою Жалпы мəселелерді шешу Келесі кестеде мүмкін мəселелер, əр мəселенің мүмкін себебі жəне ұсынылған шешімдер тізілген: Мəселенің шешімі Мəселе жəне сұрақ Қуат көрсеткіші ҚОСУЛЫ емес • Қуат түймесін ҚОСУЛЫ жəне қуат сымы жерге қосылған қуат розеткасы мен мониторға тиісті түрде қосылғанын тексеріңіз. Plug & Play жоқ • Монитордың Plug & Play мүмкіндігі жұмыс істеуі үшін Plug & Play үйлесімді компьютер мен бейне картаңыз болуы керек. Компьютер өндірушісінен біліңіз.
hp.com торабынан қолдау алу Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне хабарласу алдында мына мекенжайдағы НР техникалық қолдауын қараңыз:http://www.hp.com/support Елді/аймақты таңдаңыз, содан кейін мониторыңыздың қолдау бетінің сілтемелеріне өтіңіз. Техникалық қолдау қызметіне қоңырау соғуға дайындалу Егер осы бөлімдегі ақаулықтарды жою кеңестерін пайдалана отырып мəселені шеше алмасаңыз, техникалық қолдау қызметіне қоңырау соғу керек.
B. Техникалық сипаттамалар Барлық сипаттамалар НР құрамдастарының өндірушілері беретін əдеттегі сипаттамалар болып табылады; нақты өнімділік жоғарырақ немесе төменірек болып өзгеруі мүмкін.
Алдын ала орнатылған бейне режимдері Монитор көп алдын ала орнатылған бейне кірісі режимдерін таниды. Олар экранды дұрыс өлшеммен жəне ортада көрсетіледі. B-2 кестесі, зауытта алдын ала орнатылған бейне кірісі режимдері, V191,LV1911,W1971a,W1972a,W1952a,W1972b Элемент Алдын ала орнатылған ажыратымдылық Көлденең жиілік (кГц) Тік жиілік (Гц) 1 640 x 480 31.47 59.94 2 720 x 400 31.47 70.09 3 800 x 600 37.88 60.32 4 1024 x 768 48.36 60.00 5 1280 x720 45.00 60.00 6 1280 x 1024 63.
СКД монитордың сапасы мен пикселдері бойынша саясат СКД монитор ақаусыз жұмысты қамтамасыз ету үшін дəлдігі жоғары технологияны пайдаланып, жоғары стандарттарға сай өндірілген. Дегенмен, дисплейде шағын жарық немесе күңгірт нүктелер түріндегі косметикалық кемістіктер болуы мүмкін. Бұл барлық жеткізушілердің өнімдерінде пайдаланылатын барлық СКД дисплейлерге ортақ жəне тек осы СКД мониторға қатысты емес. Бұл кемістіктерді бір немесе бірнеше ақаулы пикселдер немесе ішкі пикселдер тудырады.
C. Агенттіктің реттеу ескертулері Федералдық байланыс комиссиясының ескертуі Бұл жабдық FCC ережелерінің 15-бөліміне сай, В санатты сандық құрылғы шектеулеріне сай екені сыналып, анықталған. Бұл шектеулер жергілікті орнатудағы зиянды кедергіден тиісті қорғауды қамтамасыз ету үшін жасалған. Бұл жабдық радио жиілік энергиясын тудырады, пайдаланады жəне шаша алады. Егер осы нұсқауларға сай орнатылмаса жəне пайдаланылмаса, радио байланысқа зиянды кедергілерді тудыруы мүмкін.
FCC логотипімен белгіленген өнімдер үшін сəйкестік туралы декларация (тек Америка Құрама Штаттары) Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сай келеді. Пайдалану мына екі шартқа бағынады: 1. Бұл құрылғы зиянды кедергілерді тудырмауы керек. 2. Бұл құрылғы қалаусыз жұмысты тудыруы мүмкін кедергілерді қоса, кез келген кедергілерді қабылдауы керек. Өнімге қатысты сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласыңыз: Hewlett-Packard компаниясы P. O.
Канадалық ескерту Бұл В санатты сандық жабдық Канадалық кедергілерді тудыратын жабдық ережелерінің барлық талаптарына сай келеді. Avis Canadien Cet appareil numérique de la classe B respecte toutes les exigences du Réglement sur le matériel brouilleur du Canada. Германиялық эргономика туралы ескерту «GS» мақұлдау белгісі бар НР өнімдері, «GS» мақұлдау белгісі бар НР брендті компьютерлерден, пернетақталардан жəне мониторлардан тұратын жүйенің бөлігін құрағанда, тиісті эргономикалық талаптарға сай болады.
Қуат сымы жинағының талаптары Монитордың қуат қамтуы қуат кернеуінің автоматты ауыстыру (ALS) мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Бұл мүмкіндік монитордың 100–120В~ немесе 200–240В~ кіріс кернеулері арасында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Монитормен бірге алынған қуат сымдарының жинағы (икемді сым немесе қабырға штепселі) жабдық сатып алынған елдегі пайдалану талаптарына сай. Егер басқа ел үшін қуат сымын алу керек болса, сол елде пайдалану үшін бекітілген қуат сымына тапсырыс беруіңіз керек.
Еуропалық Одақта жеке үйлердегі пайдаланушылардың қоқыс жабдықты тастау Бұл таңба өнімді басқа əдеттегі үй қоқысымен тастауға болмайтынын білдіреді. Оның орнына, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау үшін қолданылған өнімді қолданылған электр жəне электрондық жабдықты қайта өңдейтін арнайы жинау орнына тапсыруыңыз керек. Қосымша ақпарат алу үшін үй қоқысын жинау қызметіне хабарласыңыз немесе http://www.hp.com/recycle сайтына кіріңіз.
Түрік EEE ережесі EEE ережесіне сəйкес келеді EEE Yönetmeliğine Uygundur Украиналық қауіпті заттардың шектеуі Обладнання відповідаєвимогам Технічного регламенту щодо обмеження використання деяких небезпечних речовин в електричному та електронному обладнані, затвердженого постановою Кабінету Міністрів України від 3 грудня 2008 № 1057.