V191, LV1911, W1971a, W1972a, W1952a, W1972b LV2011, LV2011q, W2071d, W2072a, W2072b, W2052a LV2311, W2371d User Manual

8 3. Мониторды орнату тарау ENWW
Жылдамдығы жоғары сандық мазмұнды қорғау (HDCP)
(Таңдалған модельдерде қол жетімді )
Монитор HDCP функциясын қолдайды жəне анықтығы жоғары мазмұнды
қабылдай алады. Анықтығы жоғары мазмұн көп көздерде қол жетімді, мысалы,
Blue-ray диск құрылғылары немесе HDTV əуе немесе кабельдік таратылымдары.
HDCP қолдайтын мониторыңыз болмаса, анықтығы жоғары қорғалған мазмұнды
көргенде бос экранды немесе ажыратымдылығы төменірек суретті көресіз.
Қорғалған мазмұнды көрсету үшін компьютеріңіздің графикалық картасы жəне
мониторыңыз HDCP функциясын қолдауы ке
рек.
Қуат кабелін қосу
1. Барлық электр жəне қуат ескертулерін орындаңыз
ЕСКЕРТУ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін: Қуат
сымының жерге қосу штепселін өшірмеңіз. Жерге қосу штепселімаңызды
қауіпсізідк мүмкіндігі.
Қуат сымын жерге қосылған электр розеткасына қосыңыз.
Қуат сымын қосатын жерге қосылған қуат розеткасына оператордың оңай жетуге
болатынына жəне жабдыққа мүмкіндігінше жақын орналасқанына көз же
ткізіңіз.
Қуат сымын баспайтындай я болмаса үстіне немесе жанына қойылған заттар
қыспайтындай өткізу керек.
Қуат сымдарына немесе кабельдерге ештеңе қоймаңыз. Оларды ешкім
кездейсоқ баспайтындай немесе шалынып қалмайтындай орналастырыңыз.
Сымды немесе кабельді тартпаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін «Техникалық сипаттамалар» (B қосымшасын) бөлімін
қараңыз.
3-7 сурет Қуат кабелін қосу
2. Қуат кабелінің бір ұшын монит
орға, ал екінші ұшын жерге қосылған электр
розеткасына қосыңыз.
ЕСКЕРТУ! Ток соғудан жарақатты болдырмау үшін тиісті түрде жерге
қосылған электр розеткасы қол жетімді болмаса, келесі əрекеттердің бірін
орындау керек: (1) Тиісті жерге қосуды қамтамасыз ететін электр розеткасы
адаптерін пайдалану керек. (2) Тиісті түрде жерге қосылған электр розеткасын
орнату керек.