V191, LV1911, W1971a, W1972a, W1952a, W1972b LV2011, LV2011q, W2071d, W2072a, W2072b, W2052a LV2311, W2371d User Manual

10 4. Мониторды пайдалану тарау ENWW
4. Мониторды пайдалану
Бағдарлама жəне қызметтік бағдарламалар ықшам дискісі
Осы монитормен бірге берілген ықшам диск компьютерде орнатуға болатын
драйверлерді жəне бағдарламаны қамтиды.
Драйверлерді орнату
Егер драйверлерді жаңарту қажет екенін анықтасаңыз, монитор драйверінің INF
жəне ICM файлдарын ықшам дискіден орнатуға немесе Интернеттен жүктеуге
болады.
Монитор драйвері бағдарламасын ықшам дискіден орнату
Монитор драйвері бағдарламасын ықшам дискіден орнату үшін:
1. Ықшам дискіні компьютердің ықшам диск енгізгісіне салыңыз. Ықшам диск
мəзірі пайда болады.
2. Тілді таңдаңыз.
3. Install Monitor Driver Software (Монитор драйвері бағдарламасын
орнату) сілтемесін нұқыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Дисплейді басқару панелінің параметрлерінде тиісті ажыратымдылықтар
жəне жаңарту жиіліктері көрсетілетініне көз жеткізіңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Windows
®
амалдық жүйесінің құжаттамасын қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнату қатесі орын алған жағдайда сандық қолтаңба қойылған
драйверлерді (INF немесе ICM файлдары) ықшам дискіден қолмен орнату керек
болуы мүмкін. Нұсқауларды ықшам дискідегі «Драйвер бағдарламасының
Readme» файлын қараңыз (тек ағылшын тілінде).
Интернеттен жаңартылған драйверлерді жүктеу
Драйверлердің жəне бағдарлама файлдарының ең соңғы нұсқаларын НР қолдау
торабынан жүктеу үшін:
1. Мына мекенжайды қараңыз: http://www.hp.com/support .
2. Елді/аймақты таңдаңыз.
3. Download Drivers and Software (Драйверлерді жəне бағдарламаны
жүктеу) сілтемесін таңдаңыз.
4. Монитордың үлгі нөмірін енгізіңіз. Монитордың бағдарламаны жүктеу беттері
көрсетіледі.
5. Жүктеу беттеріндегі нұсқауларды орындау арқылы драйвер жəне
бағдарлама файлдарын жүктеңіз жəне орнатыңыз.
6. Жүйенің т
алаптарға сай екеніне көз жеткізіңіз.