V191, LV1911, W1971a, W1972a, W1952a, W1972b LV2011, LV2011q, W2071d, W2072a, W2072b, W2052a LV2311, W2371d User Manual

16 4. Мониторды пайдалану тарау ENWW
Бейне кіріс қосқыштарын таңдау
КІріс қосқыштары:
•VGA қосқышы (аналогтық)
•DVI-D қосқышы (сандық) (таңдалған үлгілерде)
Монитор қай кірістерде жарамды бейне сигналдары бар екенін автоматты түрде
анықтайды жəне бейнені көрсетеді.
VGA кабелін, DVI-D кабелін немесе екеуін де қосуға болады. Кабельдердің екеуі
де орнатылса, əдепкі кіріс таңдауы – DVI. Кірістің көзін экрандық мəзірдегі «Кірісті
таңдау» опциясын пайдаланып ауыстыруға болады.
Монитор жағдайларын анықтау
Келесі монитор жағдайларын анықтағанда, монитор экранында арнайы
хабарлар пайда болады:
Monitor Status (Монитордың күйі) – мониторға қуат берілгенде немесе кіріс
көзінің сигналы өзгергенде, монитор күйі туралы хабар бес секунд бойы
көрсетіледі. Бұл хабар қай кіріс ағымдағы белсенді сигнал екенін, көзді авто-
ауыстыру параметрін (қосулы немесе өшірулі), əдепкі көз сигналын,
ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей аж
ыратымдылығын жəне
ұсынылған алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығын көрсетеді.
Input Signal Out of Range (Ауқымнан тыс кіріс сигналы) – ажыратымдылық
параметрін 1366 x 768 @ 60Гц (18,5 дюйм), 1600 x 900 @ 60Гц (20 дюйм),
1920 x 1080 @ 60Гц (23 дюйм) деп өзгертеді. Монитордың ажыратымдылық
жəне/немесе жаңарту жиілігі монитор қолдайтыннан жоғарырақ
орнатылғандықтан кіріс сигналын қолдамайтынын көрсетеді.
No Source Signal (Көз сигналы жоқ) – монитордың монитор бейне кірісі
қосқышында компьютерден бейне сигналды қабылдап жа
тпағанын көрсетеді.
Компьютер немесе кіріс сигнал көзі өшірулі ме немесе қуатты үнемдеу
режимінде ме, соны анықтау үшін тексеріңіз.
Auto Adjustment in Progress (Авто баптау орындалуда) – авто баптау
функциясы белсенді екенін көрсетеді.
Monitor Going to Sleep (Монитор ұйқыға өтуде) – экран дисплейі ұйқы
режиміне кіріп жатқанын көрсетеді.
Check Video Cable (Бейне кабелін тексеру) – бейне кабелі компьютерге тиісті
түрде қосылмағанын көрсетеді.
OSD Lockout (Экрандық дисп
лейді құлыптау) – экрандық дисплейді алдыңғы
панельдегі Menu түймесін 10 секунд бойы басып тұру арқылы қосуға немесе
өшіруге болады. Егер экрандық дисплей құлыптанған болса, экрандық
дисплейді құлыптау туралы ескерту хабары он секунд бойы көрсетіледі.
Егер экрандық дисплей құлыптанған болса, экрандық дисплейдің құлпын
ашу үшін Menu түймесін 10 секунд бойы басыңыз.
Егер экрандық дисплейдің құлпы ашылған бо
лса, экрандық дисплейді
құлыптау үшін Menu түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Power Button Lockout (Қуат түймесін құлыптау) – қуат түймесі құлыпталғанын
көрсетеді. Қуат түймесі құлыптанған болса, қуат түймесінің құлыптануы
туралы ескерту хабары көрсетіледі.
Егер қуат түймесі құлыптанған болса, қуат түймесі функциясының құлпын
ашу үшін қуат түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Егер қуат түймесінің құлпы аш
ылған болса, қуат түймесі функциясын
құлыптау үшін қуат түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Dynamic Contrast Ratio On (Динамикалық контраст қатынасы қосулы) –
динамикалық контраст қатынасы қосылғанын көрсетеді. Бұл бейнені басқару
экрандық мəзірінде динамикалық контраст қатынасы қосылған болса орын
алады.