V191, LV1911, W1971a, W1972a, W1952a, W1972b LV2011, LV2011q, W2071d, W2072a, W2072b, W2052a LV2311, W2371d User Manual

ENWW Экран сапасын баптау 17
Dynamic Contrast Ratio Off (Динамикалық контраст қатынасы өшірулі) –
динамикалық контраст қатынасы өшірілгенін көрсетеді. Бұл бейнені басқару
экрандық мəзірінде динамикалық контраст қатынасы өшірілген болса орын
алады.
Экран сапасын баптау
Авто баптау мүмкіндігі жаңа бейне режимі көрсетілген сайын бейне сапасын
дисплей өлшемі, күйі, сағаты жəне фазасы үшін автоматты түрде баптайды. VGA
кірісін дəл баптау үшін ықшам дискідегі Auto Adjustment бағдарламасын іске
қосыңыз. Егер қосымша бейне сапасын жақсарту керек болса, бейнені дəл
баптау үшін монитордың сағатты жəне фазаны басқару элементтерін
пайдаланыңыз. Осы тараудағы «Аналогтық бейнені оңтай
ландыру» бөлімін
қараңыз.
Аналогтық бейнені оңтайландыру
Кейбір мониторларда монитордың стандартты аналогтық монитор ретінде
қызмет етуге мүмкіндік беретін кеңейтілген тізбегі бар. Аналогтық бейне
өнімділігін жақсарту үшін экрандық мəзірдегі екі басқару элементін пайдалануға
болады:
Сағат - экран өңінде көрінетін барлық тік жолақтарды барынша азайту үшін
мəнді арттырыңыз немесе азайтыңыз.
Фаза - бейненің бұрмалануын немесе бейненің дірілде
уін барынша азайту үшін
мəнді арттырыңыз немесе азайтыңыз.
Бұл басқару элементтерін тек авто баптау функциясы аналогтық режимде
қанағаттандыратын монитор бейнесін бермесе ғана пайдаланыңыз. Ең жақсы
нəтижелерді алу үшін:
1. Баптау алдында мониторды 30 минут бойы қыздырыңыз.
2. Экрандық мəзірге кіріңіз, содан кейін «Бейнені баптау» тармағын таңдаңыз.
3. Негізгі сағат параметрлерін алдымен орнатыңыз, өйткені фа
за параметрлері
негізгі сағат параметрлеріне байланысты. Сағат жəне фаза мəндерін
баптағанда, монитор бейнелері бұрмаланса, бұрмалану жойылғанша
мəндерді баптауды жалғастырыңыз. Зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру үшін экрандық мəзірге кіріңіз, «Зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру» тармағын таңдап, «Иə» пəрменін таңдаңыз.
Қуатты үнемдеу мүмкіндігі
Монитор қалыпты жұмыс режимінде болғанда, қуат шамы көк болады жəне
монитор қуатты қалыпты тұтынады. Қуатты пайдалану туралы мəліметтерді
«Техникалық сипаттамалар» (B қосымшасы) бөлімін қараңыз. Сондай-ақ,
монитор компьютер басқаратын қуатты үнемдеу режимін қолдайды. Монитор
азайтылған қуат күйінде болғанда, монитор экраны бос, күңгірт шам өшірулі жəне
қуат шамы сары болады. Монитор барынша аз қу
ат тұтынады. Мониторды
«оятқанда», монитор қалыпты жұмыс режиміне оралуы алдында қысқаша
қыздыру кезеңі орын алады. Монитор көлденең синхрондау сигналын немесе тік
синхрондау сигналын анықтамаса, энергияны үнемдейтін азайтылған қуат күйі
белсендіріледі. Бұл мүмкіндік жұмыс істеуі үшін компьютерде қуатты үнемдеу
мүмкіндігі белсендірілуі керек. Энергияны үнемдеу мүмкіндіктері (кейде қуатты
басқару мүмкіндіктері деп аталады) ту
ралы нұсқауларды компьютер
құжаттамасын қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Энергияны үнемдеу мүмкіндігі тек монитор энергияны үнемдеу
мүмкіндіктері бар компьютерлерге қосылған болса ғана жұмыс істейді.