V191, LV1911, W1971a, W1972a, W1952a, W1972b LV2011, LV2011q, W2071d, W2072a, W2072b, W2052a LV2311, W2371d User Manual
18 4. Мониторды пайдалану тарау ENWW
Ұйқы таймерінің режимі
Ұйқы таймерінің режимі – монитордың күнде бір уақытта қосылу жəне өшу
уақытын орнатуға мүмкіндік беретін энергияны үнемдеу мүмкіндігі. Сондай-ақ,
бұл монитордағы күңгірт шамдардың қызмет көрсету мерзімін ұзартады. Ұйқы
таймерінің бес параметрі бар:
• Set Current Time (Ағымдағы уақытты орнату)
• Set Sleep Time (Ұйқы уақытын орнату)
• Set On Time (Қосылу уақытын орнату)
•Timer (Таймер): On/Off (Қосулы/Өшірулі)
• Sleep Now (Қазір ұйықтау)
Таймерді орнату үшін:
1. Экр
андық мəзірді көрсету үшін монитордың алдыңғы панеліндегі Menu
түймесін басыңыз.
2. Төмен жылжып, «Басқару» тармағын бөлектеңіз.
3. «Басқару» тармағын таңдау үшін ОК түймесін басыңыз.
4. Төмен жылжып, «Ұйқы таймері > ағымдағы уақытты орнату» тармағын
бөлектеп, таңдаңыз.
Ескертпе: Ұйқы уақыты немесе қосылу уақыты үшін уақытты ысыру алдында
ағымдағы жергілікті уақытта орнату керек. Уақыт 24 сағатық саға
т пішімінде
көрсетілетінін ескеріңіз. Мысалы, 1:15 p.m. 13 сағат 15 минут түрінде көрсетіледі.
Монитор қуатының үзілуі немесе жоғалуы таймердің 00:00 деп ысырылуына
əкеледі. Егер бұл орын алса, ұйқы таймері режимін ысыру керек болады.
5. Сағатты баптау режиміне кіру үшін ОК түймесін бір рет басыңыз.
6. Сағатты баптау үшін - (минус) немесе + (плюс) түймесін басыңыз.
7. Минуттардың уақытын енгізу үшін ОК тү
ймесін қайта басыңыз.
8. Минуттарды баптау үшін - (минус) немесе + (плюс) түймесін басыңыз.
9. Таңдалған уақытты құлыптау үшін ОК түймесін басыңыз.
10. Ағымдағы уақытта орнатқаннан кейін бөлектеу «Ұйықтау уақытын орнату»
тармағына автоматты түрде өтіп кетеді. Ұйықтау уақытын орнату үшін 6-9
қадамдарын қайталаңыз.
11. Ұйықтау уақытын орнату керек болмаса, ОК түймесін екі рет басыңыз, со
дан
кейін мəзірден шығу үшін «Сақтау жəне оралу» пəрменін таңдаңыз.
12. Ұйықтау уақытын орнатқаннан кейін бөлектеу «Қосылу уақытын орнату»
тармағына автоматты түрде өтеді. Қосылу уақытын орнату үшін 6-9
қадамдарын қайталаңыз.
13. Ұйқы таймерінің параметрлерін белсендіру үшін таймер режимін «Қосулы»
күйіне орнатыңыз.
14. Аяқтағанда, мəзірден шығу үшін «Сақтау жəне оралу» пəрменін таңдаңыз.
Бесінші таңдау, «Қа
зір ұйықтау», монитордың күңгірт шамдарын бірден өшіреді
жəне келесі қосылу уақыты белсендірілгенше немесе монитор түймесін
басқанша ұйқы режимінде қалады.










