V191, LV1911, W1971a, W1972a, W1952a, W1972b LV2011, LV2011q, W2071d, W2072a, W2072b, W2052a LV2311, W2371d User Manual

ENWW 23
СКД монитордың сапасы мен пикселдері бойынша саясат
СКД монитор ақаусыз жұмысты қамтамасыз ету үшін дəлдігі жоғары
технологияны пайдаланып, жоғары стандарттарға сай өндірілген. Дегенмен,
дисплейде шағын жарық немесе күңгірт нүктелер түріндегі косметикалық
кемістіктер болуы мүмкін. Бұл барлық жеткізушілердің өнімдерінде
пайдаланылатын барлық СКД дисплейлерге ортақ жəне тек осы СКД мониторға
қатысты емес. Бұл кемістіктерді бір немесе бірнеше ақаулы пикселдер немесе
ішкі пик
селдер тудырады.
Пиксел бір қызыл, бір жасыл жəне бір көк ішкі пикселден тұрады. Ақаулы толық
пиксел əрқашан қосулы (күңгірт өңдегі жарық нүкте) немесе əрқашан өшірулі
(жарық өңдегі күңгірт нүкте) болады. Екеуінің ішінде біріншісі жақсырақ көрінеді.
Ақаулы ішкі пиксел (нүкте ақаулығы) ақаулы толық пикселмен салыстырғанда
нашарлау көрінеді, шағын болады жəне тек ер
екше өңде көрінеді.
Ақаулы пикселдердің орнын табу үшін мониторды қалыпты жұмыс
жағдайларында жəне қалыпты жұмыс режимінде, қолдау көрсетілетін
ажыратымдылық пен жаңарту жиілігінде, шамамен 50 см (16 дюйм) қашықтықта
көру керек. Біз уақыт өте келе өнеркəсіп косметикалық кемістіктерді азырақ
дисплейлерді жасау қабілетін жақсартады деп күтеміз. Жақсартулар жасалғанда,
біз нұсқауларды баптаймыз. СКД монитор туралы қосым
ша ақпарат алу үшін
мына мекенжайдағы НР веб-торабын қараңыз: http://www.hp.com/support.