V191, LV1911, W1971a, W1972a, W1952a, W1972b LV2011, LV2011q, W2071d, W2072a, W2072b, W2052a LV2311, W2371d User Manual
28 Қосымша C. Агенттіктің реттеу ескертулері ENWW
Еуропалық Одақта жеке үйлердегі пайдаланушылардың қоқыс
жабдықты тастау
Бұл таңба өнімді басқа əдеттегі үй қоқысымен тастауға болмайтынын білдіреді.
Оның орнына, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау үшін қолданылған
өнімді қолданылған электр жəне электрондық жабдықты қайта өңдейтін арнайы
жинау орнына тапсыруыңыз керек. Қосымша ақпарат алу үшін үй қоқысын жинау
қызметіне хабарласыңыз немесе http://www.hp.com/recycle сайтына кіріңіз.
Химиялық заттар
НР компаниясы тұтынушыларға REACH (Еуропалық Парламент пен Кеңестің EК
№ 1907/2006) сияқты заң талаптарына сай болу үшін қажет химиялық заттар
туралы ақпаратты береді. Осы өнімдегі химиялық заттар туралы ақпараттық
есепті http://www.hp.com/go/reach мекенжайында табуға болады.
НР өңдеу бағдарламасы
НР тұтынушыларды пайдаланылған электрондық жабдықтарды, НР түпнұсқа
басып шығару картридждерін жəне қайта зарядталатын батареяларын өңдеуге
өткізуге шақырады. Өңдеу бағдарламалары туралы қосымша ақпарат алу үшін
http://www.hp.com/recycle мекенжайына өтіңіз.
Қауіпті заттардың шектеуі (RoHS)
JIS C 0950, 2005 техникалық сипаттамасында анықталған жапондық реттеу
талабы өндірушілерден 2006 жылдың 1 шілдесінен кейін сатуға ұсынылған
электрондық өнімдердің белгілі бір санаттары үшін материал мазмұны
декларацияларын беруді талап етеді. Осы өнімнің JIS C 0950 материал
декларациясын көру үшін http://www.hp.com/go/jisc0950 мекенжайына өтіңіз










