Equipment reference manual

бЖұқа клиент жұмысы
ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттің флэш дискісіне қажетті теңшелімдерді орындағаннан кейін жазу
сүзгісінің қосылғанын тексеріңіз. Жұқа клиенттің қалыпты жұмысы барысында жазу сүзгісі
қосылу керек. Əрі флэш жады қоймасымен жұқа клиенттерде бет файлының қосылмағанын
тексеріңіз. Осы міндетті əрекеттерді орындамау флэш сақтау құрылғысының кепілдігін жоққа
шығаруы мүмкін. Ажыратылған жазу сүзгісімен немесе қосылған бет файлымен пайдалануына
байланысты флэш
сақтау құрылғысы зақымдалған жағдайда осындай зақымды HP кепілдігі
қамтымайды.
Жазу сүзгісін пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін
http://www.hp.com/support/manuals/
thinclients ішінде қол жетімді жұқа клиентке арналған операциялық жүйе нұсқаулығын қараңыз.
Қалыпты жұқа клиент күтімі
Жұқа клиентке дұрыс күтім жасау үшін мына ақпаратты пайдаланыңыз:
Сыртқы тақтасы шешілген жұқа клиентті мүлдем пайдаланбаңыз.
Жұқа клиентті өте ылғалды, күннің көзі тікелей түсетін жəне өте ыстық пен салқын жерден
аулақ ұстаңыз. Жұқа клиент үшін кеңес етілген температура жəне ылғалдылық ауқымдары
туралы ақпаратты
Техникалық сипаттамалар 32-бетте бөлімінде қараңыз.
Жұқа клиенттен жəне пернетақтадан сұйықтықтарды алшақ ұстаңыз.
Жұқа клиентті өшіріп, оның сыртын жұмсақ, дымқыл шүберекпен қажетінше сүртіңіз.
Тазалау өнімдерін пайдалану салдарынан жабдықтың сыртқы беті түссізденуі немесе
зақымдануы мүмкін.
Қалыпты жұқа клиент күтімі 39