Equipment reference manual
Table Of Contents
- Өнім мүмкіндіктері
- Құрылғы жаңартулары
- Қызмет көрсету функциялары
- Ескертулер мен сақтандырулар
- Компьютердің алынбалы панелін алу
- Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру
- Алдыңғы жапқышын алу
- Оптикалық драйв қақпағын алу
- Алдыңғы жапқышын ауыстыру
- Жүйе тақтасының жалғаулары
- Қосымша жад орнату
- Кеңейту картасын алу немесе орнату
- Диск орындары
- Драйвтарды орнату және алу
- Қауіпсіздік құлпын орнату
- Батарея ауыстыру
- Электр статикалық разряд
- Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу дайындықтары
- Қосылу мүмкіндігі
- Индекс

ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз арна жəне теңгерілмеген қос арна жадының конфигурациялары график жұмысын
нашарлатады.
●
Егер DIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс істейді.
●
Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық
сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау режимінде жұмыс істейді.
●
Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық
сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді.
Икемді жүйесінде ең аз жад
мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін жəне жалғыз арнаға тағайындалған
қалдықты сипаттайды. Егер бір арнаның жады екінші арнаның жадынан артық болса, үлкендеу
мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс.
●
Барлық режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу DIMM арқылы анықталады.
DIMM құралдарын орнату
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін шамамен 30
секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер қосылып
тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына əрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу бар
кезде жад модульдарын қосу немесе алу нəтижесінде жад модульдарына немесе жүйе тақтасына
жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты жаңартқанда
үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нəтижесінде пайда болатын тотығу жəне/немесе
қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад модульдарын қолдану маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық құрамдас бөлшектерін немесе қосымша
карталарды зақымдауы мүмкін. Бұл іс рəсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір
затты ұстап
қалып статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Толығырақ ақпарат үшін,
Электр
статикалық разряд (34-бет) бөлімін қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге зақым келуі
мүмкін.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға
немесе алғанға дейін шамамен 30
секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер
қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына əрқашан жабдықталып тұрады.
Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нəтижесінде жад модульдарына немесе жүйе
тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Сырты қызып кетуден болатын жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол
тигізбес бұрын ішікі бөлшектерінің салқындауына уақыт беріңіз.
10 2-тарау Құрылғы жаңартулары