Equipment reference manual

Table Of Contents
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін
қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
6. Кеңейту тақтасының сақтау ысырмасын төмен басып тұратын бұранданы алып тастаңыз (1) жəне
ысырманы бекітіп (2), шассидің артынан тартып шығарыңыз (3).
7. Дұрыс бос кеңейту ұяшығын жүйе тақтасына жəне сəйкес кеңейту ұяшығын компьютер шассиінің
артына орналастырыңыз.
8. Кеңейту картасын орнатуға дейін кеңейту ұяшығының қақпағын немесе ішінде тұрған кеңейту
картасын алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнатылған кеңейту картасын алу үшін, кеңейту картасына жалғанып тұрған
барлық кабельдерді ажыратыңыз.
а. Егер бос ұяшыққа кеңейту картасын орнатып жатсаңыз, кеңейту ұяшығының жапқыштарының
біреуін жоғары сырғытып, корпустан шығарып алу керек немесе кеңейту ұяшығын жауып
тұратын артқы тақтадағы металл қалқаншаларды шешіп алу үшін жалпақ ұшты бұрауышты
пайдалану керек. Орнатылудағы кеңейту картасы үшін тиісті қалқанды міндетті түрде алыңыз.
12 2-тарау Құрылғы жаңартулары