HP ENVY 23 IPS Мониторы Пайдаланушы нұсқаулығы
© 2013, Hewlett-Packard Development Company, L.P. Microsoft, Windows жəне Windows Vista Microsoft корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы жəне/немесе басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нəрсе кепілдік деп қаралмайды.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулық монитор мүмкіндіктері, мониторды орнату жəне техникалық сипаттамалар туралы ақпаратпен бағдарламалық құрал мен техникалық сипаттамаларды пайдаланып қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді.
iv Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ........................................................................................................................................ 1 2 Мониторды орнату ....................................................................................................................................... 2 Монитор негізін бекіту ........................................................................................................................ 3 Артқы жəне бүйір бөлшектері ............
vi
1 Өнім мүмкіндіктері Жарық диодты (LED) жарықтатқышты бар монитор белсенді матрикс пен In-Plane Switching (IPS) панелін қолданады.
2 Мониторды орнату Мониторды орнату үшін монитордың, компьютер жүйесінің жəне басқа да қосылған құрылғылардың қуаттан ажыратылғанына көз жеткізіп, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Монитор негізін бекіту ЕСКЕРТУ: Экран сынғыш. Экранға тимеңіз немесе оған қысым түсірмеңіз; бұл зақымдауы мүмкін. КЕҢЕС: Дисплейдің орналасуына мəн беріңіз, себебі беткі тақтайы айналадағы жарықтан жəне жарық беттен кедергі келтіретін шағылысуларды тудыруы мүмкін. 1. Мониторды қорабынан алып, бетін төмен қаратып жазық жерге қойыңыз. 2. Негізін тұғырына (1) орнатыңыз жəне бұрандасын (2) негіз тұғырға мықтап бекітілгенше бұраңыз. 3. Тұғырды дисплей артындағы ұяшыққа «сырт» еткенше енгізіңіз.
Артқы жəне бүйір бөлшектері 4 Құрамдас бөлшегі Функция 1 HDMI 1 Негізгі құрылғыдан келетін HDMI кабелін мониторға жалғайды. 2 HDMI 2 Негізгі құрылғыдан келетін HDMI кабелін мониторға жалғайды. 3 VGA Негізгі құрылғыдан келетін VGA кабелін мониторға жалғайды. 4 Дыбыс Үндеткіштерді мониторға қосады. 5 Тұрақты ток жарық диоды Қуат адаптері мониторға қосылған кезде жанады. 6 Тұрақты ток куатының коннекторы Тұрақты ток қуаты адаптерін мониторға қосады.
Кабельдерді қосу 1. Мониторды компьютер жанындағы ыңғайлы, жақсы желдетілетін жерге қойыңыз. 2. Кабельді жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Монитор аналогты немесе HDMI кірісін қолдайды. Бейне режимін пайдаланылатын бейне кабелі анықтайды. Монитор қай кірістердің жарамды бейне сигналдары бар екенін автоматты түрде анықтайды. Кірістерді алдыңғы панельдегі Input Control/Plus түймесі арқылы немесе экран дисплейі (OSD) арқылы Meню (мəзір) түймесін басып таңдауға болады.
6 ● HDMI кабелі берілген. Жабдықталған HDMI кабелінің бір ұшын монитордың артындағы HDMI қосқышына, екінші соңын негізгі құрылғыға қосыңыз. ● Микро USB-HDMI кабелін (бөлек сатылады) монитордың артындағы HDMI қосқышына жəне смартфон сияқты негізгі құрылғының микро USB қосқышына жалғаңыз, сонда мобилді құрылғының мазмұнын монитор экранынан көруге болады.
3. Қуатпен қамту сымының дөңгелек соңын мониторға қосыңыз, содан кейін сымның бір соңын қуат көзіне жəне екінші көзін жерге қосылған электр розеткасына қосыңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін: Тоқ айырын істен шығармаңыз. Тоқ айыры - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі. Қуат сымының ашасын барлық уақытта оңай қол жетімді жерге қосылған электр розеткасына қосыңыз. Жабдықтың қуатын қуат сымының ашасын электр розеткасынан суыру арқылы өшіріңіз.
Алдыңғы тақтаның басқару элементтері Кесте 2-1 Монитордың алдыңғы тақтаның басқару элементтері Басқару элементі Функция 1 Мəзір Экрандық мəзірді ашады, таңдайды немесе одан шығады. 2 Аудио/Минус Аудио мəзірді дыбысты реттеу үшін ашады. Экрандық мəзір қосылған болса, экрандық мəзір арқылы артқа өтіп, реттеу деңгейлерін азайту үшін басыңыз. 3 Кірісті басқару/Plus Экрандық мəзір қосылмаған болса, бейне сигнал кірісін таңдайтын кірісті басқару түймесін қосу үшін басыңыз (VGA немесе HDMI).
Мониторды реттеу Монитор тақтасын көз деңгейіне ыңғайлы етіп орнату үшін, оны алға немесе артқа еңкейтіңіз.
Мониторды қосу 1. Алдыңғы жағындағы қуат түймесін басып мониторды қосыңыз. 2. Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз. ЕСКЕРТУ: Мониторлардағы пикселдердің күйіп кетуі экранда ұзақ уақыт бойы бір статикалық кескінді көрсетудің нəтижесінде орын алуы мүмкін.*Монитор экранында мұндай зақымдалуды болдырмау үшін экран сақтағышын қосу керек немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, мониторды өшіру керек. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай.
HP су белгісі мен қалдық бейне тəртібі IPS мониторлы үлгілері ультра-кең көлемді көру бұрыштары мен жетілдірілген бейне сапасын қамтамасыз ететін IPS (жазықтық ауыстыру) дисплей технологиясымен жасалған. IPS мониторларын түрлі жетілдірілген бейне сапасына арналған бағдарламалармен қолдануға жарамды, Бұл панель технологиясы статикалық, стационарлық немесе тұрақты бейнелерді ұзақ уақыт аралығында экран қорғаушысын қолданбай көрсетететін бағдарламалармен қолдануға жарамайды.
Бағалау жапсырмасын табу Монитордағы бағалау жапсырмасы өнімнің нөмірі мен сериялық нөмірін береді. Бұл нөмірлер мониторыңыздың моделі туралы HP компаниясына хабарласқанда қажет болуы мүмкін. Бағалау жапсырмасы монитордың артында орналасқан.
Кабель құлпын орнату Мониторды орнатылған нəрсеге HP компаниясынан қол жетімді қосымша кабель қыстырғышымен бекітіңіз.
3 Жеке дисплей бағдарламалық құралын пайдалану Монитормен бірге берілген ықшам дискте My Display бағдарламалық құралы бар. Жеке дисплей бағдарламалық құралын оңтайлы қарауға арналған параметрлерді таңдау үшін пайдаланыңыз. Ойын, фильмдер, фотосурет өңдеу немесе жəй ғана құжаттар мен электрондық кестелерде жұмыс істеу үшін пайдалана аласыз. Жеке дисплей жарықтық, түс немесе контраст сияқты параметрлерді реттеудің оңай жолымен қамтамасыз етеді.
Бағдарламалық құралды орнату Бағдарламалық құралды орнату үшін: 1. Ықшам дискіні компьютердің диск ұясына салыңыз. Диск мəзірі көрсетіледі. 2. Тілді таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Бұл опция бағдарламаны орнатқанда қолданылатын тілді таңдайды. Бағдарламаның тілі амалдық жүйе тілі арқылы анықталады. 3. Жеке дисплей бағдарламалық құралын орнату түймешігін басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
Бағдарламалық құралды пайдалану Жеке дисплей бағдарламалық құралын ашу үшін: 1. Тапсырмалар тақтасындағы HP My Display белгішесін басыңыз. Немесе Тапсырмалар тақтасындағы Windows Start button ™ түймесін басыңыз. 2. Барлық бағдарламалар түймесін басыңыз. 3. HP My Display түймесін басыңыз. 4. HP My Display опциясын таңдаңыз. Қосымша ақпаратты бағдарламалық құрал экранындағы Анықтама бөлімінен қараңыз.
Бағдарламаны жүктеу Егер My Display бағдарламасын жүктеуді қаласаңыз, төмендегі нұсқауларды орындаңыз. 1. HP техникалық қолдау веб-сайтынан http://www.hp.com/support еліңізді/аймағыңызды таңдаңыз. 2. Drivers & Software(драйверлер мен бағдарлама) бөлімін таңдаңыз, монитор үлгісін Search (іздеу) терезесіне жазыңыз, одан кейін Search (іздеу) таңбасын басыңыз. 3. Қажет болса, мониторды тізімнен таңдаңыз. 4. Қажетті амалдық жүйені таңдаңыз, одан кейін Next (келесі) түймесін басыңыз. 5.
4 Қосымша ақпаратты іздеу Анықтамалық нұсқаулықтар Төмендегілер туралы қосымша ақпарат алу үшін монитормен берілген ықшам дискідегі HP СКД мониторлары туралы анықтамалық нұсқаулық бөлімін қараңыз: 18 ● Монитор өнімділігін оңтайландыру ● Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар ● Ықшам дискісінен бағдарламалық құралды орнату ● Экрандық мəзірді пайдалану ● Бағдарламалық құралды Веб-сайттан жүктеу ● Агенттік тəртібі туралы ақпарат ● Жиі орын алатын ақаулықтарды шешу нұсқаула
Өнім қолдаулары Мониторды пайдалану жəне реттеу туралы қосымша ақпарат алу үшін http://www.hp.com/ support сайтына өтіңіз. Елді немесе аймақты таңдаңыз, Product Support & Troubleshooting (өнімді қолдау жəне ақаулықтарды жою) бөлімін таңдаңыз, монитордың үлгісін Search (іздеу) терезесіне жазыңыз. ЕСКЕРІМ: Қолданушы нұсқаулығын, сілтеме нұсқаулығын жəне драйверлерді мына жерден алуға болады: http://www.hp.com/support.
а Техникалық сипаттамалар ЕСКЕРІМ: Барлық техникалық сипаттамалар HP компонент өндірушілері берген əдеттегі техникалық сипаттамалар болып табылады; нақты өнімділік жоғарырақ немесе төменірек болуы мүмкін. Осы өнімнің соңғы техникалық сипаттамасын немесе қосымша техникалық сипаттамаларын алу үшін, http://www.hp.com/go/quickspecs/ веб-сайтына өтіп, мониторыңыздың үлгісіне қатысты қысқаша техникалық сипаттаманы іздеңіз.
Кесте а-1 HP ENVY 23 сипаттамалары (жалғасы) Қуат 100-240 В айнымалы ток 50/60 Гц Биіктік: Жұмыс істегенде 0 - 5,000 м 0 - 16,400 фут Сақтау 0 - 12,192 м 0 - 40,000 фут Қуат тұтыну мөлшері: Толық қуат 28 Вт Кəдімгі параметрлер 26,5 Вт Ұйықтау <0,5 Вт Өшіру <0,5 Вт Кіріс терминалы Бір VGA қосқышы, екі HDMI қосқыштары 21
Алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығын тану Төменде тізімделген дисплей ажыратымдылығы өте жиі пайдаланылатын режимдер жəне зауыттың əдепкі мəні ретінде орнатылады. Монитор алдын ала орнатылған режимдерді автоматты түрде таниды жəне оларда кескін дұрыс өлшемде жəне экран ортасында көрсетіледі.
Кесте а-4 Қуат адаптерлері/үлгісі (жалғасы) LiteOn PA-1041–91AM-LF 40 Вт/19 В Honor ADS-45NP-19-1 19040G 40 Вт/19 В Алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығын тану 23
Пайдаланушы режимдеріне кіру Мына жағдайларда бейне контроллерінің сигналы кездейсоқ алдын ала орнатылмаған режимді шақыруы мүмкін: ● Сіз стандартты графикалық адаптерді пайдаланып жатқан жоқсыз. ● Сіз алдын ала орнатылған режимді пайдаланып жатқан жоқсыз. Егер бұл орын алса, экрандағы дисплейді пайдалана отырып, монитор экранының параметрлерін қайта реттеу керек болуы мүмкін. Өзгертулерді режимдердің кез келгеніне немесе барлығына енгізуге жəне жадта сақтауға болады.
Қуатты үнемдеу мүмкіндігі Бұл монитор қуатты үнемдеу режимін қолдайды. Монитор көлденеңінен синхрондау сигналының жəне/немесе тігінен синхрондау сигналының жоқ екендігін анықтаса, қуатты үнемдейтін күйге өтеді. Осы сигналдардың жоғын анықталғанда, монитор экраны бос болып, артқы жарығы өшіріледі жəне қуат шамы сары болып жанады. Мониторлар қуатты үнемдейтін күйде болғанда, ол қуаттың 0,5 ватын ғана пайдаланады. Монитор қалыпты жұмыс істеу режиміне кіргенше аздап қызады.