User Guide - Windows 8

Бөлік Сипаттама
(4)
USB 3.0 зарядтау порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды. Компьютер
өшірулі кезде ұялы телефондар мен MP3
ойнатқыштарының таңдаулы үлгілерін де USB 3.0
зарядтау порты арқылы зарядтауға болады.
ЕСКЕРІМ: USB зарядтау порты (сонымен қатар, USB
ток беру порты деп аталады) жалғанған USB
құрылғысын зарядтауға мүмкіндік береді. Барлық USB
құрылғылары стандартты USB порттары арқылы
зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток
қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін
оларды ток
беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты USB құрылғысын пайдалану 57-бетте
бөлімінен қараңыз.
(5)
USB 3.0 порты Қосымша USB 3.0 құрылғыларын жалғауға арналған
жəне USB арқылы қосылатын жақсартылған қуат
өнімділігімен қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты
USB құрылғысын пайдалану 57-бетте
бөлімінен қараңыз.
(6)
Жад картасын оқу құрылғысы Secure Digital (SD) сияқты қауіпсіз карталардағы
деректерді оқиды немесе деректерді сондай карталарға
сақтайды.
(7)
Қатты диск жетегінің жарығы Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда.
Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск
уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды.
ЕСКЕРІМ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы
ақпаратты
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек
таңдаулы үлгілерде) пайдалану 64-бетте
бөлімінен қараңыз.
(8)
Қуат шамы
Ақ: компьютер қосулы.
Ақ түсте жыпылықтау: қуатты үнемдеу режимі
болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған.
Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес
құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді.
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Күту күйіең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты
үнемдеу режимі.
ЕСКЕРІМ: Таңдаулы үлгілерде, Intel® Rapid Start
Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі
зауытта қосылады. RST мүмкіндігі əрекетсіз тұрған
компьютерді бірден іске қосуға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпаратты Ұйқылық немесе күту күйін
қосу 48-бетте бөлімінен қараңыз.
8 Бап 2 Компьютермен танысу