User Guide - Windows 8
Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат түймешігі
●
Компьютер өшірулі болғанда, планшетті қосу үшін
түймешікті басыңыз.
●
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда
сақталмаған ақпарат жойылады.
●
Компьютер жауап бермесе жəне Microsoft®
Windows® жүйесін өшіру процедуралары нəтиже
бермесе, планшетті
өшіру үшін қуат түймешігін кем
дегенде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Шебер түймелерді көрсету мақсатымен
саусақты сенсорлы тақтаның (таңдаулы үлгілерде ғана)
немесе экранның оң жақ жиегінен жылжытыңыз да,
Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын басыңыз.
Іздеу жолағына қуат сөзін теріп, Параметры
(Параметрлер) тармағын, содан кейін Электропитание
(Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз немесе
Қуат
басқару 48-бетте бөлімін қараңыз.
– немесе –
Қуат параметрлері туралы толық ақпарат алу
үшін, бастау экранына п əрпін жазыңыз. Іздеу
жолағында питание (қуат) сөзін теріп, Параметры
(Параметрлер) пəрменін, одан кейін Параметры
питания (Қуат параметрлері) пəрменін таңдаңыз
немесе
Қуат басқару 48-бетте бөлімін қараңыз.
(2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(3) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
үлгілерде)
Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып
Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
14 Бап 2 Компьютермен танысу










