User Guide - Windows 8
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз
құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз
байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде
бір сымсыз құрылғы қосулы.
Сымсыз байланыс шамының түсі өшірулі болса, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі.
ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түсті болады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға,
сымсыз желілерді басқаруға жəне желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік
береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін:
Режим Қадамдар
1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның
оң жақ жиегінен (таңдаулы үлгілерде ғана) жылжытыңыз да, Поиск (Іздеу) түймешігін
түртіп, іздеу жолағын басыңыз.
2. Іздеу жолағына сеть и общий доступ (желі жəне ортақ кіру) деп теріңіз де, Центр
управления сетями и общим доступом (Желі жəне ортақтасу орталығы) тармағын
таңдаңыз.
1. Бастау экранына п əрпін жазыңыз, одан кейін Параметры (Параметрлер) пəрменін
таңдаңыз.
2. Іздеу жолағына сеть и общий доступ (желі жəне ортақ кіру) деп теріңіз де, Центр
управления сетями и общим доступом (Желі жəне ортақтасу орталығы) тармағын
таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранына с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и
поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Сымсыз желіге қосылу 19










