User Guide - Windows 8
Бөлік Сипаттама
(3) HP TrueVision ажыратымдылығы
жоғары веб-камерасы
Бейнені жазады жəне фотосуреттерді түсіреді.
Шебер түймелерді көрсету мақсатымен
саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның
(таңдаулы үлгілерде ғана) оң жақ жиегінен
жылжытыңыз да, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп,
іздеу жолағын басыңыз. Алдыменc əрпін теріп,
одан кейін тізімнен CyberLink YouCam
қолданбасын таңдаңыз.
– немесе –
Бастау экранында c əрпін жазыңыз,
одан кейін бағдарламалар тізімінен CyberLink
YouCam тармағын таңдаңыз.
(4)
USB 3.0 порттары (3) Қосымша USB 3.0 құрылғыларын жалғауға
арналған жəне USB арқылы қосылатын
жақсартылған қуат өнімділігімен қамтамасыз
етеді.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы
толық ақпаратты
USB құрылғысын
пайдалану 57-бетте бөлімінен қараңыз.
(5)
Аудио-шығыс (құлаққап) ұясы/
Aудио-кіріс (микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар,
гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі
қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура
микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек
микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту
үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс
деңгейін реттеңіз. Қосымша
қауіпсіздік ақпаратын
алу үшін, Заңды, қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертпелерін қараңыз. Нұсқаулыққа қол жеткізу
үшін бастау экранында support (қолдау) сөзін
теріп, HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой
компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін
Руководство пользователя (Пайдаланушы
нұсқаулықтары) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосылған кезде,
компьютер үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(гарнитура) жəне
аудио кіріс (микрофон)
ұяларының екеуіне сəйкес келетін 4 сымды
қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(6) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(7) HP Triple Bass Reflex сабвуфері Жоғары сапалы бас дыбысын шығарады.
26 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану










