User Guide - Windows 8

Бөлік Сипаттама
(8)
USB 3.0 зарядтау порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды. Компьютер
өшірулі кезде ұялы телефондар мен MP3
ойнатқыштарының таңдаулы үлгілерін де USB
3.0 зарядтау порты арқылы зарядтауға болады.
ЕСКЕРІМ: USB зарядтау порты (сонымен қатар,
USB ток беру порты деп аталады) жалғанған USB
құрылғысын зарядтауға мүмкіндік береді. Барлық
USB құрылғылары стандартты USB порттары
арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін
төмен ток қолданылады. Кейбір USB
құралғыларын зарядтау үшін
оларды ток беретін
портқа жалғау қажет.
(9)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас
бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI
құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс
құрылғыларын қосады.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Бұл компьютердің келесі бөлмедегі немесе əлемнің басқа бөлігіндегі жақын достарыңыз
немесе əріптестеріңізбен байланысуға мүмкіндік беретін қуатты əлеуметтік желі құралы болып
табылатын ішкі веб-камерасы бар. Веб-камераны пайдаланып лездік хабар алмасу
бағдарламалық құралымен бейне ағынын жасауға, бейнеге түсіруге жəне бөлісуге, сондай-ақ,
фотосуреттер түсіруге болады.
Режим Қадамдар
1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның
оң жақ жиегінен (таңдаулы үлгілерде ғана) жылжытыңыз да, Поиск (Іздеу) түймешігін
түртіп, іздеу жолағын басыңыз.
2. Алдыменc əрпін теріп, одан кейін тізімнен CyberLink YouCam қолданбасын таңдаңыз.
Бастау экранында c əрпін жазып, қолданбалар тізімінен CyberLink YouCam тармағын
таңдаңыз.
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) бөліміне өтіңіз. Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға,
вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа
файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін,
үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)27