User Guide - Windows 8

Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына немесе аудио
шығыс (құлақаспап) ұясына жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін,
HDMI аудио параметрлерін
реттеу 32-бетте бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын
төмендетіңіз.
Құлақаспаптарды қосу
Сымды гарнитураны компьютердің гарнитураға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік
туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында support (қолдау) сөзін
теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер
(Компьютерім) пəрменін, одан кейін Руководство
пользователя (Пайдаланушы
нұсқаулықтары) пəрменін таңдаңыз.
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы
нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Beats Audio (тек таңдаулы үлгілерде) мүмкіндігін пайдалану
Beats Audio – таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін
жетілдірілген дыбыс функциясы. Beats Audio функциясын компьютердің ішкі үндеткіштері, USB
портына қосылған сыртқы үндеткіштер немесе құлақаспаптар ұясына қосылған Beats Audio
құлақаспаптары көмегімен пайдалана аласыз.
Beats Audio басқару тақтасын ашу:
Beats Audio басқару тақтасында дыбыс жəне төменгі дыбыс жиілігі параметрлерін көріп, қолмен
басқара аласыз.
Beats Audio басқару тақтасын ашу
Режим Қадамдар
1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның оң
жақ жиегінен (таңдаулы үлгілерде ғана) жылжытыңыз да, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп,
іздеу жолағын басыңыз.
2. п əрпін теріп, Панель управления (Басқару тақтасы), Оборудование и звук (Жабдық
жəне дыбыс), Панель управления Beats Audio (Beats Audio басқару тақтасы) пəрмендерін
таңдаңыз.
Бастау экранына п əрпін теріп, Панель управления (Басқару тақтасы), Оборудование и звук
(Жабдық жəне дыбыс), Панель управления Beats Audio (Beats Audio басқару тақтасы)
тармақтарын таңдаңыз.
28 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану