User Guide - Windows 8

Режим Қадамдар
1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның
оң жақ жиегінен (таңдаулы үлгілерде ғана) жылжытыңыз да, Поиск (Іздеу) түймешігін
түртіп, іздеу жолағын басыңыз.
2. з əрпін теріңіз жəне Звукозапись (Дыбыс жазу құрылғысы) пəрменін таңдаңыз.
3. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды
жұмыс үстеліне сақтаңыз.
4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз жəне
дыбысты ойнатыңыз.
1. Бастау экранында з əрпін жазыңыз, одан кейін Запись звука (Дыбыс жазу) пəрменін
таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды
жұмыс үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін
Режим Қадамдар
1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның
оң жақ жиегінен (таңдаулы үлгілерде ғана) жылжытыңыз да, Поиск (Іздеу) түймешігін
түртіп, іздеу жолағын басыңыз.
2. п əрпін жазыңыз жəне бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару
тақтасы) пəрменін таңдаңыз.
3. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
1. Бастау экранына п əрпін жазып, бағдарламалар тізімінен Панель управления
(Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге
қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
Компьютерлердің көбінде аналогтық бейне құрылғыларын қосуға мүмкіндік беретін
VGA порты
болады. Ал кейбір компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе
теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Ақпаратты өндіруші нұсқауларынан қараңыз.
30 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану