User Guide - Windows 8
HDMI аудио параметрлерін реттеу
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз
бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіңіз, одан кейін
Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс
құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіңіз, одан кейін
Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики и наушники (Үндеткіштер жəне
құлақаспаптар
) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Intel сымсыз дисплейін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® сымсыз дисплейі компьютердегі мазмұнды қосымша сымсыз адаптер арқылы (бөлек
сатып алынады) ажыратымдылығы жоғары теледидар, монитор, проектор, ойын консолі, Blu-
ray ойнатқышы немесе бейнемагнитофон сияқты қабылдағышқа/көрсету құрылғысына жіберуге
мүмкіндік береді. Сымсыз адаптерді пайдалану туралы толық ақпаратты өндірушінің
нұсқауларынан қараңыз.
▲
Intel сымсыз дисплейін ашу үшін бастау экранында w деп теріңіз жəне Intel WiDi пəрменін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз дисплей мүмкіндігін пайдалануды бастамай тұрып, сымсыз құрылғыңыз
қосулы екенін тексеріңіз.
Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару
CyberLink PowerDVD бағдарламасы фотосурет жəне бейне жинақтарын басқаруға жəне
өзгертуге мүмкіндік береді.
▲
CyberLink PowerDVD бағдарламасын ашу үшін бастау экранынан c əрпін теріңіз, одан
кейін бағдарламалар тізімінен CyberLink PowerDVD тармағын таңдаңыз.
CyberLink PowerDVD бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты PowerDVD
бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
32 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану










