User Guide - Windows 8
5 Сенсорлы тақтаның қимылдары,
меңзегіш құрылғылар жəне
пернетақта арқылы шарлау
Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (таңдаулы
үлгілерде ғана) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар
компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде)
орындалады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін
(бөлек сатылады) пайдалана аласыз.
Компьютермен бірге жеткізілген Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулық
сенсорлы тақта, сенсорлы экран немесе пернетақта көмегімен орындалатын жалпы
тапсырмалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы
əрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Кейбір компьютер үлгілерінде кірістірілген сандық пернетақта болуы мүмкін.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Сенсорлы тақта компьютерде саусақтар көмегімен шарлауға мүмкіндік береді.
Параметрлер, түймешік конфигурациялары, басу жылдамдығы мен меңзер параметрлерін
өзгерту арқылы сенсорлы тақтаның қимылдарын қалауыңыз бойынша реттей аласыз.
Приложения (қолданбалар) тізімін көрсету үшін, бастау экранына п əрпін жазыңыз. Панель
управления (Басқару тақтасы), одан кейін Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс)
пəрмендерін таңдаңыз. Устройства и принтеры
(Құрылғылар мен принтерлер) ішінен Мышь
(Тінтуір) параметрін таңдаңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта саусақтар арқылы экрандағы меңзерді басқаруға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына қолданбалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Əрбір қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Приложения (қолданбалар) тізімін көрсету үшін, бастау экранына п əрпін жазыңыз.
Панель управления (Басқару тақтасы), одан кейін Оборудование и звук (Жабдық жəне
дыбыс) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Synaptics ClickPad (Synaptics сенсорлы тақтасы) параметрін таңдаңыз.
3. Көрсетілімді бастау үшін, қимылды таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану 33










