User Guide - Windows 8
Қимылды ажырату немесе қосу үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Synaptics ClickPad (Synaptics сенсорлы тақтасы) экранында, ажыратқыңыз немесе
қосқыңыз келген қимылға құсбелгі қойыңыз немесе оны алып тастаңыз.
2. Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Түрту
Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз.
● Таңдау үшін экрандағы элементті меңзеп, сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз.
Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Таңдалған элемент туралы ақпаратты қамтамасыз ететін анықтама терезесін ашу
үшін сенсорлы тақтаны саусақпен түртіп ұстап тұрыңыз.
Жылжу
Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде
қажет əрекет.
●
Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары,
төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
34 Бап 5 Сенсорлы тақтаның қимылдары, меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта арқылы
шарлау










