User Guide - Windows 8

Белгіше Перне Сипаттама
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді.
Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан
кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып,
компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы
VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды. Бұл əрекет пернесі компьютерден
бейне ақпаратын қабылдайтын басқа да
құрылғылар арасында кескіндерді
ауыстырып көрсетеді.
f5 Таңдаулы үлгілерде пернетақтаның сəулеленетін жарықтандырғышы
функциясын өшіруге немесе қосуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
f6 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
f7 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
төмендетеді.
f8 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
жоғарылатады.
f9 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі
алдыңғы бөлімді ойнатады.
f10 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе
ойнатуды жалғастырады.
f11 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі
бөлімді ойнатады.
f12 Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Microsoft Windows 8 пернелер тіркесімдерін пайдалану
Microsoft Windows 8 жүйесінде əрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдері бар.
Тиісті əрекетті орындау үшін, Windows пернесін
əрекет пернелерінің тіркесімімен бірге
басыңыз.
Пернеле
р
тіркесімі
Перне Сипаттама
Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен
бастау экранына жылдам қайтарады.
ЕСКЕРІМ: Перне қайта басылған кезде, алдыңғы экран
ашылады.
+ ч Шебер түймелерді ашады.
+ р Windows жұмыс үстелін ашады.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану 45