User Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: RST мүмкіндігін Setup Utility (BIOS) ішінде өшіруге болады. Күту күйін қосқыңыз
келсе, қуат параметрлерінде пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйі параметрін
таңдауыңыз тиіс.
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу немесе күйден
шығу 49-бетте бөлімін қараңыз.
Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқы күйін қосуға
болады:
● Дисплейді жабыңыз.
●
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
●
Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе
экранның (таңдаулы үлгілерде ғана) оң жақ жиегінен жылжытыңыз да, Параметры
(Параметрлер) пəрменін таңдаңыз жəне Питание (Қуат) белгішесін басып, Спящий (Ұйқы)
күйін таңдаңыз.
– немесе –
Меңзерді бастау экранының жоғарғы немесе төменгі оң жақ бұрышына
жылжытыңыз. Шебер түймелердің тізімі ашылғаннан кейін, Параметры (Параметрлер)
тармағын таңдап, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз жəне Спящий (Ұйқылық) пəрменін
таңдаңыз.
Ұйқылық күйден шығу үшін
●
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
●
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
●
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
●
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе
саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
компьютерде жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу немесе күйден
шығу
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту
үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз.
1. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) пəрменін
таңдаңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Параметры питания (Қуат параметрлері)
тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін
таңдаңыз) сілтемесін
нұқыңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
Ұйқылық немесе күту күйін қосу 49










