User Guide - Windows 8

түрде батарея қуатына ауысады жəне батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін дисплей
жарықтығы төмендейді. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда
компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін, компьютермен бірге
берілген пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру
батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы арқылы
ауыстырылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың
жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтаңыз
немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Батареяны (2) жоғары қарай бұрып, оны компьютерден шығарып алыңыз.
Батарея ақпаратын табу
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, HP Support
Assistant (НР қолдау көмекшісі) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске
қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты қарау үшін, бастау экранында support (қолдау) сөзін
теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдап, Аккумулятор и производительность
(Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасы мына құралдармен жəне батарея
туралы ақпаратпен
қамтамасыз етеді:
Батареяны тексеру
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 51