User Guide - Windows 8

HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде)
HP CoolSense компьютердің тұрақты бір орында тұрмағанын автоматты түрде анықтап,
бет температурасын қажетті қолайлылық деңгейінде ұстап тұру үшін жұмыс пен желдеткіш
параметрлерін реттей бастайды.
HP CoolSense функциясы өшірулі кезде, компьютердің тұрақты орында тұрмағаны
анықталмайды, жұмыс пен желдеткіш параметрлері зауыттық күйде сақталады. Нəтижеде, HP
CoolSense арқылы реттелетін деңгеймен салыстырғанда компьютердің бет температурасы
жоғары болуы мүмкін.
CoolSense өшіру немесе
қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
Бастау экранына cool (суыту) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер), одан кейін HP
CoolSense пəрменін таңдаңыз.
Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы
үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың
мазмұнын жаңарту
Компьютер ұйқылық күйде тұрған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің
ұйқылық күйді тұрақты түрде өшіріп тұрады. Smart Connect көмегімен ашық тұрған
бағдарламалардың кейбіреулерінің мазмұндарын жаңартады. Нəтижесінде, ұйқылық күйден
шыққаннан соң жұмысыңызға бірден кірісуге болады. Жаңарту файлдары жүктелгенше күтіп
отыру қажет емес.
Бұл мүмкіндікті қосу немесе параметрлерді қолмен реттеу үшін, бастау экранында smart
(смарт) сөзін теріп, Intel® Smart Connect Technology (Intel Smart Connect технологиясы)
құралын
таңдаңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Компьютерді
өшірмес бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз.
Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне
дисплей мен компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде.
Компьютерді қуат
түймешігін басып ұстап тұру арқылы да өшіруге болатынымен, компьютерді
өшіруге ұсынылатын үрдіс Windows жүйесінің Завершение работы (жұмысты аяқтау) пəрменін
қолдану болып табылады.
HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде)55