User Guide - Windows 8
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу
Диск жетектері – ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін
сандық сақтау құрылғылары. Компьютердің ішінде компьютердің бағдарламалық құралдары,
амалдық жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін қатты диск
немесе қатты күйдегі диск бар. Кейбір компьютерлерде дыбыс жəне бейне файлдарын CD,
DVD дискілерінен немесе (тек таңдаулы үлгілерде) Blu-ray дискінен (BD) оқуға не жазуға
мүмкіндік беретін
ішкі оптикалық диск болады.
Қосымша сыйымдылық не функциялар орындау мақсатында оптикалық диск немесе қатты диск
сияқты сыртқы диск жетегін (бөлек сатылады) жалғаңыз немесе сандық жад картасын тікелей
телефоннан не камерадан салыңыз. Компьютердің USB портына жалғанған USB флэш жетегі
де деректерді жылдам тасымалдауға мүмкіндік береді. Кейбір құрылғылар жұмыс істеу үшін
компьютердің қуатын пайдаланады. Ал кейбіреулерінің
жеке қуат көздері болады. Кейбір
құрылғылардың орнатылатын бағдарламалық құралдары болады.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы сымсыз құрылғыларды қосу туралы ақпаратты Желіге қосылу 18-бетте
бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе
компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Компьютерлердің көбінде USB пернетақтасы, тінтуір, сыртқы диск жетегі, принтер, сканер
немесе USB хабы сияқты сыртқы құрылғылардың бірнеше түрін қосуға қолданылатын
жабдықтың интерфейсі болып табылатын бірнеше порт болады.
Компьютерде USB портының бірнеше түрі бар. Осы компьютердегі USB порттарының түрлері
туралы білу үшін,
Компьютермен танысу 5-бетте бөлімін қараңыз. Компьютермен үйлесімді
құрылғыларды сатып алу керек.
Түрі Сипаттама
USB 3.0 Деректерді 640 МБ/с жылдамдықпен тасымалдайды.
SuperSpeed деп те аталатын USB 3.0 порттары USB 1.0
жəне 2.0 құрылғыларымен үйлесімді.
USB 3.0 зарядтау порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды. Компьютер өшірулі
кезде ұялы телефондар мен MP3 ойнатқыштарының
таңдаулы үлгілерін де USB 3.0 зарядтау порты арқылы
зарядтауға болады.
ЕСКЕРІМ: USB зарядтау порты (сонымен қатар, USB
ток беру порты деп аталады) жалғанған USB құрылғысын
зарядтауға мүмкіндік береді. Барлық USB құрылғылары
стандартты USB порттары арқылы
зарядталмайды
немесе зарядтау үшін төмен ток қолданылады. Кейбір
USB құралғыларын зарядтау үшін оларды ток беретін
портқа жалғау қажет.
USB құрылғысын пайдалану 57










