User Guide - Windows 8

Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін, құрылғыны өшіріп, содан кейін оны
компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны
өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз.
Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу
Сандық жад картасын салу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, сандық картаны
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны сандық жад картасының ұясына басып мықтап кіргізіңіз.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
Сандық жад картасын шығару үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды
жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы бағдарламалық құралды жою белгішесін басыңыз, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Картаны басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2).
Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу 59