User Guide - Windows 8
Қатты дискіні ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Дискіні
құлатуға, оның үстіне зат қоюға, сұйықтық тигізуге немесе шектік мəндердегі температураларға
не ылғалдық жағдайларына төндіруге болмайды. Дискіні пайдалану бойынша арнайы сақтық
шараларын
Дискілер ұстау 61-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз. Компьютердің өшірулі,
ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанын білмеген жағдайда, компьютерді қосып, амалдық
жүйе арқылы өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
4. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.
5. Батареяны компьютерден шығарып алыңыз (
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны
шығару 51-бетте бөлімін қараңыз).
Қатты дискіні шығарып алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Қызмет көрсету есігінің бұрандасын босатыңыз (1), одан кейін қызмет көрсету есігін көтеріп
(2), алып тастаңыз (3).
62 Бап 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету










