User Guide - Windows 8
9. Қызмет көрсету есігін орнына салыңыз.
10. Батареяны орнына салыңыз.
11. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
12. Компьютерді қосыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар
қосуы мүмкін. Технологиялар əрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен
дискілерді жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мысалы, ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық
құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін
. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың
барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайсыз.
HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін,
http://www.hp.com/
support торабына өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты
түрде алу үшін тіркеліңіз.
Компьютерді тазалау
Компьютерді жəне сыртқы құрылғыларды тазалау оларды жақсы жұмыс күйінде ұстауға
көмектеседі. Компьютерді тазаламаған жағдайда, шаң жəне кір бөлшектері жиналуы мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 67










