User Guide - Windows 8

ЕСКЕРТУ: Компьютерді тазалау үшін, келесі тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.
Спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид сияқты қатты еріткіштер мен көмірсутектер;
олардан компьютердің бетіне қатты зақым келуі мүмкін.
Дисплейді, құрылғының шеттері мен қақпағын тазалау
Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Дисплейді жаппай тұрып, оның кебуін күтіңіз.
Шеттерін жəне қақпағын тазалау үшін, алдын ала ылғалдандырылған бактерицидтік шүберекті
пайдаланыңыз. Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қақпағынан кір жəне қалдықтарды тазалау кезінде шеңбер бойынша
жылжытыңыз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
ЕСКЕРТУ: Пернетақтадағы пернелер арасына тіпті компьютерді тазалау барысында да
ешқашан су тамызбаңыз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, спирті жоқ əйнек
тазалағышқа суланған жұмсақ микроталшық матаны, майы жоқ электр зарядын
жібермейтін матаны (мысалы, күдері сияқты) немесе бір рет пайдаланылатын
зарарсыздандырғыш майлықты пайдаланыңыз.
Пернелердің жабысуын болдырмау жəне пернелердің астында орналасқан шаңды,
түктерді жəне қалдықтарды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей
тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне
тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір
кеңестерін осы жерден табасыз.
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
Компьютерден сандық сақтау карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа
карталарын шығарып алыңыз.
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
Компьютерді сөндіріңіз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін
бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
компьютерден бөлек ұстаңыз.
Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік
өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы
конвейерлік жолдар жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына
рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
68 Бап 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету