User Guide - Windows 8
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзді
орнатып, содан соң HP SimplePass бағдарламалық құралын пайдаланып бір не бірнеше саусақ
ізін тіркеңіз.
Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан жері туралы ақпаратты
«Компьютермен танысу» бөлімінен қараңыз.
HP SimplePass бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану
HP SimplePass бағдарламалық құралы компьютерді қауіпсіздендіру жəне компьютер мен құпия
сөзбен қорғалған веб-тораптарға оңай кіруге көмектесетін ыңғайлы интерфейс ұсынады.
Тіркелген саусақ ізін келесі амалдар үшін пайдаланыңыз:
●
Windows жүйесіне кіру;
●
веб-тораптарды жəне жүйеге кіруді қажет ететін басқа бағдарламаларды ашу;
●
пайдаланушы аты мен құпия сөзді талап ететін кез келген бағдарлама үшін жазба
мəліметтерін жасауға мүмкіндік беретін «Single Sign On» (Бір реті кіру) қызметін орнату;
●
компьютерде бірнеше пайдаланушы үшін қорғалған есептік жазбалар орнату;
Қосымша ақпаратты HP SimplePass бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Саусақ іздерін тіркеу
HP SimplePass бағдарламалық құралымен бір немесе бірнеше саусақ ізін тіркеу үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
1. HP SimplePass бағдарламасын ашу үшін, саусақ ізі сенсорында бір саусақпен жүргізіп
өтіңіз.
– немесе –
Бастау экранында simple (жалпы) деп жазып, одан кейін HP SimplePass пəрменін
таңдаңыз.
2. HP SimplePass сəлемдесу экраны көрсетілгенде, Жұмысты оңай бастау опциясын
басыңыз.
3. HP SimplePass бағдарламасы оң сұқ саусағыңызды сенсордан өткізуіңізді ұсынады
.
4. Тіркелуді аяқтау үшін, саусағыңызбен 3 рет жүргізіп өтіңіз.
Саусақ сəтті тіркелгеннен кейін оның белгішесі жасыл түсті шеңбермен көрсетіледі.
5. Windows құпия сөзін орнату үшін, Настроить вход в Windows (Windows жүйесіне кіру
параметрлерін орнату) параметрін таңдаңыз.
Windows жүйесіне кіру үшін тіркелген саусақ ізін пайдалану
Windows жүйесіне саусақ ізіңіз арқылы кіру үшін
1. Саусақ ізіңізді тіркегеннен кейін Windows жүйесін қайта бастаңыз.
2. Windows жүйесіне кіру үшін, тіркелген кез келген саусақты сырғытыңыз.
72 Бап 9 Компьютер мен ақпаратты қорғау










