User Guide - Windows 8

Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsofмаңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді
қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін
Бастау экранында п əрпін теріңіз де, Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын
таңдаңыз. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) бөлімін түртіңіз, Обновления
Windows (Windows жаңартулары) тобын, Изменить параметры (Параметрлерді өзгерту)
бөлімін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP компаниясының жəне үшінші тарап бағдарламалық
құралдарының жаңартуларын орнату
HP компаниясы компьютерге бастапқыда орнатылған бағдарламалық құралдар мен
драйверлерді үнемі жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін,
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді
автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
Компьютер сатып алынғаннан соң үшінші тарап бағдарламалық құралы орнатылған болса,
бағдарламалық құралды үнемі жасап жүріңіз. Бағдарламалық құрал компаниялары қауіпсіздік
мəселелерін шешу жəне бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін өнімдерге
жаңартуларды ұсынады.
Сымсыз желіні қорғау
Сымсыз желіні орнатқан кезде қауіпсіздік функцияларын іске қосыңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін, WLAN жүйесін қорғау бөлімін қараңыз.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының жəне
мəліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
Бағдарламалық құрал қолданбаларын жəне мəліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан
немесе бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау
қатерінен қорғау үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. Толығырақ ақпарат
үшін, сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру бөлімдерін қараңыз.
Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану
Бөлек сатылатын қауіпсіздік кабель құлпы қорғау құралы ретінде əрекет ету үшін жасалған,
бірақ ол компьютердің қате қолданылуынан немесе ұрлануынан қорғамайды. Қауіпсіздік кабель
құлпы ұрланудан қорғауға көмектесетін күрделі қауіпсіздік шешімінің бір бөлігі ретінде
қолданылуы мүмкін бірнеше əдістердің біреуі ғана болып табылады.
Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Компьютеріңіздегі
қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы ақпаратты
«Компьютермен танысу» бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабель құлпын қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) қауіпсіздік кабель құлпына (2) салыңыз.
74 Бап 9 Компьютер мен ақпаратты қорғау