User Guide - Windows 8

BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS
жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне
қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс
істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы
болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату
барысында
мына нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын
таңдаңыз.
2. Updates and tune-ups (Жаңартулар мен реттеулер) пəрменінен кейін Check for HP
updates now (НР жаңартулары бар екенін тексеру) пəрменін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтаңыз жəне оны компьютерде орнатылған ағымдағы
BIOS нұсқасымен салыстырыңыз. Жаңарту BIOS нұсқаңызбен салыстырғанда ең
соңғы жаңарту
болса, күнін, атын немесе басқа ақпаратты жазып алыңыз. Бұл ақпарат
жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер жаңарту сіздегі BIOS нұсқасынан жаңарақ болса, қатты дискіге BIOS жаңартуы
жүктелген орынды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға дайын болғаныңызда бұл
жол
бойынша файлды табасыз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын,
əсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік əкімшімен байланысыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілген нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранда пайда болмаса, мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Бастау экранына п əрпін жазып, Проводник (Жетектеуші) пəрменін таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Əдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты
диск болып табылады.
3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту
файлы орналасқан қатты дискідегі
қалтаны тауып ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe).
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген
файлды қатты дискіден жоюға болады.
BIOS нұсқасын жаңарту 77