User Guide - Windows 8

11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы
күйіне қайтару жəне қалпына келтіру
Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін
амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар. Бұл құралдар компьютерді жақсы
жұмыс күйіне келтіруге немесе бастапқы зауыттық күйге келтіруге көмектеседі. Олар оңай
қолданылады.
Бұл тарауда келесі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау
Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру жəне
қалыпқа келтіру
ЕСКЕРІМ: Бұл нұсқаулықта сақтық көшірме жасау, бастапқы қалпына келтіру жəне күйіне
келтіру мүмкіндіктері туралы шолу қамтылады. Ұсынылатын құралдар туралы қосымша ақпарат
алу үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығын қараңыз. Бастау экранында
с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін
таңдаңыз.
Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді
жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
тек бірдей нəтиже береді.
1. Компьютерді сəтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру дискісін жасаңыз. Бұл үрдіс
барысында компьютердегі HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінің сақтық көшірмесі
жасалады. Қатты диск зақымданған немесе ауыстырылған жағдайда түпнұсқалық амалдық
жүйені қайта орнату үшін сақтық көшірмені қолдануға болады.
Жасалған
НР қалпына келтіру дискісі қалпына келтіру мақсатына мына мүмкіндіктер
береді:
System Recovery (Жүйені қалпына келтіру): түпнұсқалық амалдық жүйені жəне
зауытта орнатылған бағдарламаларды қайта орнатады.
Minimized Image Recovery (Ықшамдалған кескінді қалпына келтіру): түпнұсқалық
амалдық жүйені жəне жабдыққа байланысты барлық драйверлер мен бағдарламалық
құралдарды орнатады, басқа бағдарламалық қолданбалар орнатылмайды.
Factory Reset (Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру): компьютерді қатты дискіден
барлық
ақпаратты жойып, бөлімдерді қайта жасау арқылы түпнұсқалық бастапқы
зауыттық күйіне қалпына келтіреді. Одан кейін түпнұсқалық амалдық жүйе жəне
зауытта орнатылған бағдарламалар қайта орнатылады.
Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау 79