User Guide - Windows 8

НР қалпына келтіру дискілерін жасау 80-бетте бөлімін қараңыз.
2. Аппараттық құрал жəне бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін
жасаңыз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі — Windows жүйесін бастапқы қалпына
келтіру утилитасымен белгілі бір сəтте сақталған қатты диск мазмұнының кескіні. Жүйені
қалпына келтіру нүктесі Windows жүйесі пайдаланатын тіркеу параметрлері сияқты
ақпаратты қамтиды. Windows жүйесі бастапқы қалпына келтіру нүктесін Windows жүйесін
жаңарту жəне жүйеге
күтім көрсету үрдісі (мысалы, бағдарламалық құралды жаңарту,
қауіпсіздікті тексеру немесе жүйенің диагностикасын жасау) барысында автоматты түрде
жасайды. Сонымен қатар, жүйені қалпына келтіру нүктесін кез келген уақытта жасай
аласыз. Қосымша ақпаратты жəне белгілі бір жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
қадамдарын Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) бөлімінен қараңыз. Бастау
экранында с əрпін жазыңыз, одан
кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау)
пəрменін таңдаңыз.
3. Фотосуреттер, бейне, музыка жəне басқа да жеке файлдары қосқаннан кейін жеке
мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз. Windows файлдар журналын кітапханалар,
жұмыс үстелі, контактілер мен таңдаулы қалталардағы файлдардың сақтық көшірмелерін
автоматты түрде үнемі жасап отыратын етіп орнатуға болады. Егер файлдар байқаусызда
қатты дискіден жойылған жəне
оларды Recycle Bin (қоқыс кəрзеңкесі) ішінен қалпына
келтіру мүмкін болмаса немесе файлдар зақымданса, файлдар журналы арқылы сақтық
көшірме жасалған арнайы файлдарды қалпына келтіруге болады. Сонымен қатар, арнайы
файлдарды қалпына келтіру функциясы, компьютердің параметрлерін Windows жүйесін
қалпына келтіруді немесе түпнұсқалық жүйені HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру
көмекшісін) пайдалану арқылы қалпына келтіруді таңдасаңыз, сізге көмектесе алады.
ЕСКЕРІМ: Файлдар журналы əдепкі параметрлер бойынша қосылмаған. Оны қосу қажет.
Windows файлдар журналын қосу процедурасы туралы ақпаратты жəне қосымша
мəліметтерді алу үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығын қараңыз.
Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) пəрменін таңдаңыз.
НР қалпына келтіру дискілерін жасау
HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы компьютерді сəтті
орнатқаннан кейін HP Recovery (НР Қалпына келтіру) дискісін жасауға мүмкіндік береді. НР
қалпына келтіру дискісін қатты диск зақымдалса жүйені қалпына келтіру үшін қолдана аласыз.
Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігі түпнұсқалық амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған
бағдарламалық құрал бағдарламаларын қайта орнатады, одан кейін бағдарламалар
параметрлерін теңшейді. Сондай-ақ,
НР қалпына келтіру дискісін жүйені өзгерту немесе қатты
дискіні ауыстыруға көмектесу үшін пайдалануға болады.
НР Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына
келтіру құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы компьютерді
тексеріп, бос USB флэш-дискісінің сақтау көлемін немесе қажет етілетін
бос DVD
дискілерінің санын анықтайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютерде DVD дискілерін жазу мүмкіндігі бар
оптикалық дискенгізгі болуы керек жəне тек жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R DL
немесе DVD+R DL дискілерін пайдалану керек. CD±RW, DVD±RW сияқты қайта жазуға
болатын дискілерді, қос қабатты DVD±RW дискілерін немесе BD-RE (қайта жазуға
арналған Blu-ray) дискілерін пайдаланбаңыз. Олар HP Recovery Manager (НР Қалпына
келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралымен үйлеспейді. Немесе оның орнына
жоғары
сапалы бос USB флэш-дискісін пайдалана аласыз.
80 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру